Экология • 29 Шілде, 2021

Ғарыштан анықталған қоқыстар

1190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ-тың түсірілім­дерімен Атырау облысында 130 қоқыс үйіндісі анықталып отыр. Оның 128-і Атырау қаласында, екеуі Махамбет ауданының аумағында орналасқан.

Ғарыштан анықталған қоқыстар

«Осыған байланысты ғарыштан мониторингілеу нәтижесінде, анықталған қоқыс қалдығының орнын жою үшін арнайы кесте жасақталды. Аталған кестеге сәй­кес рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жоюға бір ай мерзім белгі­ленді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қыз­меті.

Департамент мамандары қалалық әкімдік, полиция өкілдерімен бірге тұрмыстық қалдықтарды тастағандарды анықтау мақсатында рейд өткізді. Іс-шара кезінде Атырау қаласының Жұмыскер шағын ауданында рұқсат берілмеген қоқыс орындарына бақылау жүргізіліп, тұрғындарға түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Сондай-ақ қоршаған ортаға немқұрайды қарау деректері Құрманғазы ауданында да кездесіп отыр. Мәселен, №7 өткел тұсында STA Profit Group ЖШС тастап кеткен жер учаскесінде орналасқан мұнай қал­дықтары анықталды. Ал Құрманғазы ауылында тұрмыс­тық қатты қалдықтар жинайтын, сарқынды сулар төгілетін булану алаңдар қоршалмаған. Қоқыс алаңына жайылған мал оған еркін кіреді. Мал өлекселері арнайы алаңның сыртына тасталған.

 

Атырау облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50