Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне Атырау қалалық салық басқармасынан «СнабОйлСтрой» ЖШС-нің қызметіне жүргізілген кешенді салықтық тексеру актісі келіп түсті.
Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне Атырау қалалық салық басқармасынан «СнабОйлСтрой» ЖШС-нің қызметіне жүргізілген кешенді салықтық тексеру актісі келіп түсті.Салықтық тексеру актісі бойынша 2005-2009 жылдар аралығында мекеменің салықтық декларацияларына шығыстары туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы бюджетке төленетін салық төлемдерін төлеуден жалтарып, мемлекетке 159,9 млн. теңгеге ірі мөлшерде залал келтірген. Осыған байланысты 2013 жылдың соңында қаржы полициясы департаменті тарапынан аталған серіктестіктің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы