14 Қаңтар, 2014

Оралда әскери қызметшілер азаматтарды өрттен құтқарды

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 01-PozarБатыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы әскери қызметшілер 9 қабатты үйден шыққан өрттен 8 адамды құтқарды. Соның 3-і балалар болатын. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады.

Көпқабатты үйден өрт шыққанын көрген тұрғындардың бірі әскери қызметкерлерден көмек сұрайды. Олар сол бойда кезекші бөлімге хабарласып, өрт сөндіру қызметкерлерімен бірге оқиға орнына жетеді.

«Үйдегі тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу үшін оқиға орнына жеткен әскери жасақ жедел түрде 8 адамды қауіпсіз жерге көшіреді, оның ішінде үш бала бар. Содан кейін өрт шыққан пәтердің есігін бұзып, әскерилер ТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп М.Мерғалиевті оттан алып шығады. Жедел жәрдем келгенше әскери қызметшілер оған алғашқы медициналық көмек көрсетті», -делінген хабарламада.

Әскери борышын үлгілі атқарған азаматтарды марапатқа ұсыну туралы шешім қабылданды.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Bnews.kz

Фото: Ria.ru.

Соңғы жаңалықтар