
Мамандар құрманың артық салмақтан арылуға көмектесетінін анықтады. Бұл туралы Segodnya.ua хабарлады.
«Құрма бір айда 5 кило салмақтан арылуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол денсаулыққа ешбір кері әсерін тигізбейді», – дейді мамандар.
Грузия диетологтары бір мезгіл астың орнына құрма жеп тұру артық салмақтан тез арылуға көмектесетін тиімді әрі қауіпсіз тәсіл деп есептейді.
Құрманың құрамында толыққанды тамақты алмастыра алатын бағалы витаминдер мен микроэлементтер бар. Мамандардың айтуы бойынша, адам бір ай бойы түскі астың орнына құрма жеп тұрса, ол міндетті түрде 3-5 килодан арылады.
Мамандар бұл тәсілді 64 адамға тексеріп үлгеріпті. Нәтижесінде олар ешқандай физикалық күш жұмсамай-ақ артық салмақтарынан арылған. Сондай-ақ диета ешкімнің денсаулығына кері әсерін тигізбеген екен.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Segodnya.ua
Фото: Oede.by