
Президент спортшылардың Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет Паралимпиада ойындарына 25 жолдама ұтып, байрақты бәсекеге үлкен құраммен аттанып бара жатқанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, паралимпиадашылар – қажымас қайрат пен қайсарлықтың символы.
«Әлемдегі жүз мыңдаған спортшының арасынан үздік шығып, осы ойындарға жолдама алу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сіздер бұған табандылық пен кәсіби дайындықтың арқасында қол жеткізуге болатынын дәлелдедіңіздер. Демек, әрбір пара спортшымызды қазірдің өзінде жеңімпаз деуге болады. Өздеріңізді барша отандасымыз мақтан тұтады», деді Мемлекет басшысы.
Президент еліміздегі пара спорт түрімен айналысатын азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау жалғаса беретінін айтты.
«Бүкіл еліміз бойынша 20 мыңға жуық азамат пара спорт түрімен жүйелі түрде айналысады. Соның ішінде 500 спортшы ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді. Біз паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту үшін қажетті жағдайды жасай береміз. Қазір өңірлерде 16 арнайы клуб пен мектеп жұмыс істейді. Осы ретте, Нұр-Сұлтан қаласында 2018 жылы ашылған Паралимпиадалық жаттығу орталығын ерекше атап өткен жөн. Заман талабына сай жабдықталған мұндай орталық АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Оңтүстік Корея елдерімен қатар біздің елордамызда да бар. Спорт саласы барлық азаматымыз үшін бірдей қолжетімді болуға тиіс. Осы орайда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мемлекет міндеті екенін баса айтқым келеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Ұлттық паралимпиада құрамасы осыған дейін бұл ойындардан екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алған болатын. Бұл жетістіктерді спортқа деген сүйіспеншілік пен ерен еңбектің нәтижесі деп бағалаған Мемлекет басшысы құрама команда мүшелеріне зор сенім артты.
Парадзюдодан Азия чемпионы, Әлем кубогының иегері Теміржан Дәулет мемлекеттің тиісті қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне ұлттық құрамадағы спортшылар атынан алғыс айтты.
«Биыл – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл. Мен тәуелсіздіктің құрдасымын. Азат елде туып-өскен мен сияқты жастардың арман-мақсаты – көк байрағымызды биікте желбірету. Бапкерлеріміз жан-жақты дайындалуымызға зор еңбек сіңірді. Токиода бар күш-жігерімізді саламыз», деді спортшы.
Паратаэквондодан екі дүркін әлем чемпионы Нұрлан Домбаев спортшылардың жаттығуына жақсы мүмкіндік жасалғанын айтты.
«Параспортшылардың тұрақты түрде оқу-жаттығу жиындарын өткізуіне жағдай жасалды. Өзім Қазақстанның үш қаласында дайындалдым. Қатарымызда шетелде жаттыққандар да бар. Соның нәтижесінде Риоға он спортшы ғана барса, биыл қатарымыз екі еседен асты. Паратаэквондо паралимпиада ойындарына алғаш рет енгізіліп отыр. Ұлтымызды ұйыстырып, халқымызға жігер беретін жеңіске жету – басты мақсатымыз», деді Нұрлан Домбаев.
Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев пен ұлттық құраманың пауэрлифтинг бойынша Бас бапкері Артур Томицкий спортшылардың дайындығы туралы мәлімет берді.
Жиын соңында Мемлекет басшысы спортшыларымыздың өнерін бүкіл халқымыз тамашалап, жанкүйер болатынын айтты. Сондай-ақ олардың жеңісі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына тамаша тарту болатынын атап өтіп, ұлт намысы сынға түсетін сайыста сәттілік тіледі.
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Кеше
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Кеше
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Қаржы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Кеше
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Кеше
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Кеше
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Кеше
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Кеше
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Кеше
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Кеше
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Кеше
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Кеше
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Кеше
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Кеше
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Кеше
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Кеше
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар