14 Қаңтар, 2014

Қытай өз «Титанигін» жасап жатыр

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 01 - Titanik

Қытайдың Сычуань провинциясындағы саябақта «Титаник» кемесінің көшірмесі салынады. Бұл туралы Vesti.ru хабарлады.

«Reuters» агенттігінің ақпары бойынша, әйгілі лайнердің көшірмесін салып біту 2016 жылға жоспарланып отыр. Жобаға шамамен 165 млн. доллар жұмсалмақ.

«Джинлинь» компаниясының Нанкиндегі кеме шығаратын кәсіпорны австралиялық миллиардердің тапсырысы бойынша «Титаниктің» көшірмесін соғуға арналған жабдықтарды жаңартуды аяқтады.

Әйгілі кеменің көшірмесін жасау жөніндегі тапсырыс 2012 жылдың сәуірінде австралиялық миллиардер Клив Палмерден түскен болатын. Ол осылайша, өзінің бала кезіндегі арманын орындағысы келген екен.

Палмердің айтуынша, Титаник-2-нің 2016 жылға жоспарланған алғашқы круизінде барлық жолаушыларға берілетін ас 1912 жылғы менюмен сайма-сай келеді. Әзірге кеме билеттері сатылымға түспеген. Дегенмен, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, ОАР елдерінің азаматтары теңіз саяхатына «Титаник» көшірмесінде аттануға ниет білдіріп, жарты миллион доллардан астам қаражат ұсынып отырған көрінеді.

Естеріңізге сала кетсек, «Титаник» 1912 жылы 14 сәуір күні айсбергпен болған соқтығыстан соң суға батқан еді. Ресми деректерге сүйенсек, бұл апат 1514 жолаушының өмірін әкетті. Ал 710 адам аман қалды. «Титаниктің» алғашқы және соңғы саяхаты содан бері көптеген көркем фильмдердің негізгі желісіне айналды.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Vesti.ru

Фото: Dailynews.kz

Соңғы жаңалықтар