Ақмола облысы «қызыл аймақтың» құрсауынан шыға алмай отыр. Осындай қысылтаяң кезде адамдардың бірін-бірі қолтығынан демеп, қамқор болуы көңіл демейді.

Өңірде «Игі істер» марафоны жалпыұлттық жобасы аясында мыңнан астам иманжүзді іс-шара жүзеге асырылды. Қайырымды жандардың көмегімен 9500 жалғызілікті адамға көп-көрім әлеуметтік жәрдем жасалды. 2600 көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.
Жаныңды елжіретер жанашырлықтан жастар да шет қалған жоқ. Облыстық жастар ресурстық орталығы еріктілермен бірлесе отырып, осы жоба аясында «30 игі іс» акциясын бастап кетті. Шарапаты мол іс-шара туралы құлақтанған ел қамын жеген еріктілер мен жоғары оқу орнының студенттері, этномәдени бірлестіктер өкілдері бар күш-жігерлерін халықтың жағдайын жақсартуға жұмылдыруда.
Осы орайда өткен қыстағы тыңғылықты бір шаруаны айта кетуге болады. Солтүстік өңірдің қары мол. Қыста еріктілер 1320 ауланы тазартып, 40 тоннаға жуық қар шығарды. Бұл жай ғана дерек болып көрінгенімен, жастар осы ісі арқылы қаншама егде адамның батасын алып, көңілдерін демдегендерін аңғаруға болады.
«Доброе сердце Lider.kz» қоғамдық қоры өрттен зардап шеккен отбасыларға көмектесу үшін қор ашып, 500 мың теңге көлемінде қаражат жинап, өз ниеттерін білдірді. Бурабай ауданының еріктілері өрттен зардап шеккен отбасыларға қаржылай көмек көрсетті. Мектеп оқушыларының оқу құралдарын алып беріп, қап-қап азық-түлік жіберді.
Осы орайда сәтімен сабақталған ұрпақтар арасындағы жанашырлық жайлы айта кетуге болар еді. Жастар ресурстық орталығы өміршең өнегесі мол «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігімен білек біріктіре отырып, ондаған отбасының шаруасына қол ұшын беріп, 10 жалғызбасты әкеге азық-түлік себеттерін жеткізіп берді.
–Жыл басынан бері Қазақстан халқы Ақмола облыстық ассамблеясының қоғамдық құрылымдары «Игі істер» жобасы аясында 5 мыңнан астам адамды қамтып, жалпы сомасы 60 миллион теңге қаржы болатын 180 қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Бұл бір жағынан көмек қажет ететін отбасыларға демеу болса, екінші жағынан жас толқын үшін жақсы өнеге, – дейді облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мәнсия Есекеева.
Ел қамын жеген адамдардың назарынан жергілікті жердегі экология мәселесі де тыс қалған жоқ. Жігері мол жастар ауыл-аймақты көгалдандырып, жүздеген ағаш көшеттерін екті.
Осындай елгезек жастардың еңбегі дәуірдің дидарын әдемі шыраймен айшықтап, халықты топтастыра түсетіні хақ.
Ақмола облысы
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • Кеше
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • Кеше
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • Кеше
Референдум барысын 39 халықаралық байқаушы қадағалайды
Референдум-2022 • Кеше
Алматы метросында сейсмикалық станциялар орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
«Тобылдың» жаңа бас бапкері тағайындалды
Футбол • Кеше
Биыл Атырауда 185 баланы күйік шалған
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысындағы тас жолда браконьер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елордада Ulttyq Onim көрмесі ашылды
Елорда • Кеше
Қазақстанға Омбы облысының бизнес делегациясы келді
Бизнес • Кеше
Қаржы • Кеше
Бүгін қазақстандық хоккейшілер Словакияға қарсы ойнайды
Хоккей • Кеше
Бізге атом электр стансасы керек - Энергетика министрі
Қазақстан • Кеше
Ақжайық резерватының аумағында өрт болды
Қазақстан • Кеше
Ғылым сарапшылары референдумның маңыздылығын талқылады
Референдум-2022 • Кеше
Мемлекеттік сатып алуды рәсімдеу уақыты қысқарады
Қоғам • Кеше
ДДҰ Қытайдың COVID-19-ға қарсы үшінші вакцинасын мақұлдады
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 263 мың адам инфекция жұқтырған
Әлем • Кеше
Ауыл мектептері заманауи жабдықтармен қамтылады
Білім • Кеше
Майнинг фермалар ұлттық электр жүйесінен бөлінуі мүмкін
Қазақстан • Кеше
Үкімет 717 инвестициялық жобаның пулын құрды
Қазақстан • Кеше
GAP қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды
Аймақтар • Кеше
Ерлан Қарин Қазақстан саясаттанушыларының Х Конгресіне қатысты
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар