Аймақтар • 30 Шілде, 2021

Есірткі қылмысы «жасарып» тұр

910 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Естен тандырар есірткіге қарсы күрес пәрменді жүр­гізілгенімен, оны сатуға тырысатындар қатары азаяр емес. Мәселен, облыстық Полиция департаменті баспасөз қыз­метінің ақпаратына қарағанда, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іздестіру кезінде бірнеше адамды ұстаған.

Есірткі қылмысы «жасарып» тұр

– Соның бірі – Атырау қала­сының әр бөлігіне есірткі жасырды деген күдікпен ұсталған 27 жастағы жігіт. Күдіктінің уа­қытша мекенжайын тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат, есірткі дозаларын өлшейтін түрлі құралдар табылып, тәркіленді. Тергеуден соң күдікті қала аумағының үш нүктесінде өзі жасырған 60 дозаны құрайтын есірткіні көрсетті. Сараптама қорытындысымен есірткі-пировалерон екені анық­талды, – дейді облыстық По­лиция департаментінің бас­тығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Оның айтуынша, есірткіні таратушылар қатарындағы тағы бір жас жігіт анықталған. Әлі екі мүшелге толмаған жігіттің пәтерінен жалпы салмағы
1 кило синтетикалық есірткі заты табылған.

– «Қарасора-2021» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Орал қаласынан келіп, синтетикалық есірткі сатпақ болған 1998 және 1999 жылы туған екі күдікті ұсталды. Олардан зип пакеттерге оралған синтетикалық есірткінің 46 түйірі табылды. Күдіктілердің жалға алған пәтерінен екі пакетке оралған синтетикалық есірткі заты мен 100 дана дайын бетбелгі тәркіленді. Нәтижесінде, жалпы құны 24 миллион теңгеге жуық синтетикалық есірткінің бір реттік 2 400 дозасы заңсыз айналымға жіберілмеді, – дейді
Қ.Үмбетқалиев.

Ал шекарашылар Құр­манғазы ауданындағы Сафон ауылдық округінің аумағында 3 гектарға өсірілген есірткі ал­қабын анық­тады. Есірткі ал­қабында 50 мың түп қарасора өсімдігі өсірілген.

– Есірткі өсімдігін өсіруге атүсті қарамау қажет. Өйткені 20-35 жас аралығындағы жастардың есірткі өнімдеріне қызығушылық танытуы түйт­кілді мәселеге айналып отыр. Құрманғазы ауданында есірткі өнімдерін сатуға қатысты 6 қылмыс тіркелген. Сол себептен, есірткі өнімдерін тамырымен жойып, контрабандалық қылмыстардың алдын алу мақса­тындағы жұмыстар жал­ғаса береді, – дейді Шекара қыз­меті Атырау облыстық депар­таментінің баспасөз хатшысы Өмірбат Айтәлі.

 

Атырау облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025