Қоғам • 30 Шілде, 2021

Мүгедектігі бар 16 мыңнан астам адам протездік-ортопедиялық қызмет алды

399 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері мүгедектігі бар 16 мыңнан астам адам Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы  протездік-ортопедиялық көмек қызмет алды, деп жазады Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Мүгедектігі бар 16 мыңнан астам адам протездік-ортопедиялық қызмет алды

Протездік-ортопедиялық көмекке протез, жүріс арбалары, таяқ, балдақ, ортопедиялық аяқкиім, бандаж, корсет, тутор, реклинатор, басұстағыш, супинатор, емдеу белдігі, балаларға арналған профилактикалық шалбар және т.б. беру кіреді.

Портал мүгедектігі бар адамдарға керек затын өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Тапсырысты жеткізу немесе алып кету арқылы алуға болады.

Порталда протездік-ортопедиялық қызмет көрсетуден басқа сурдотехника, тифлотехника және гигиена құралдары, сондай-ақ кресло-арбалар алуға өтініш беруге болады.

Жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар 113 мыңнан астам адам оңалтуға арналған техникақұралдарын, 6 мыңнан астам – ымдау тілі қызметін, 31 мыңнан астам – жеке көмекшінің қызметін алып, 36 мыңға жуығы – санаторлық-курорттық ем алды және 122 мыңнан астам адам кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға тапсырыс рәсімдеді.

Бүгінде Порталда арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін 859 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 127 ОТҚ жеткізушісі, 13 мыңнан астам жеке көмекші қызметін, 250 ымдау тілін, 66 санаторлық-курорттық емдеуді, 135 кепілдендірілген әлеуметтік топтама бойынша өнім беруші тіркелген.

2020 жылғы 29 желтоқсаннан бастап Электрондық үкімет арқылы (eGov.kz) мүгедектігі бар адамдарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметін алуға электрондық өтінім беру мүмкіндігі іске асырылды. Осы кезеңде Электрондық үкімет порталы арқылы оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуге 110,5 мыңнан астам құжат рәсімделді.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.