Әлем • 30 Шілде, 2021

«Бауырларымыз көмекке келді»: Отандастарымыз өрттен зардап шеккен Түркия тұрғындарына қол ұшын созды

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық студенттер мен оқытушылар өрттен зардап шеккен Анталья тұрғындарына көмектесуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бауырларымыз көмекке келді»: Отандастарымыз өрттен зардап шеккен Түркия тұрғындарына қол ұшын созды

Бұл жөнінде Астана медициналық университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ержан Құспаев өзінің Facebook парақшасында жазды.

Шілде айының ортасында Астана Медицина университетінің 17 студенті мен үш оқытушысы Түркияға тағылымдама бағдарламасы бойынша аттанды. Қазақстандықтар Анталья қаласында оқып, тамыздың басында отанына оралуға дайындала бастады. Алайда, 28 шілдеде орын алған өрт Манавгат тұрғындарын қиын жағдайда қалдырды. Осыған байланысты Анталияның әртүрлі бөліктерінде зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ұйымдастырылды.

«Курорттық қалалардың аумағында, әсіресе Анталияның маңында орман өрттері өршіп тұрды. Өкінішке қарай, зардап шеккендер мен қаза тапқан адамдар бар. Сол күндері біз Анталияда болдық. Өрттен зардап шеккендерге көмек қажет болған кезде біз шетте қол қусырып отыра алмадық», деді Халықаралық жазғы мектеп үйлестірушілерінің бірі Ержан Құспаев.

Оның айтуынша, өрт шыққан күні қазақстандықтар гуманитарлық көмек көрсету орталықтарының біріне аттанып, жергілікті еріктілерге Анталия тұрғындарынан гуманитарлық көмек түсіруге және оқиға орнына заттарды жіберуге көмектесті.

«Біз үш сағаттан астам уақыт бойы зардап шеккендерге азық-түлік пен сусын әкелген қарапайым тұрғындардың көліктерін түсірдік. Әр сағат сайын үлкен жүк көлігі жиналған жерден гуманитарлық көмекпен Манавгатқа қарай бет алды. Бұл аймақ Анталиядан екі сағаттық жерде орналасқан. Біз зардап шеккендерге қандай да бір көмек көрсете алғанымызға қуаныштымыз», деп қосты ол.