Қоғам • 30 Шілде, 2021

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы Үкіметке жіберілді

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Заң жобасын Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі зоотехниктер мен қоғамдық ұйымдармен бірлесіп әзірледі, деп жазады Egemen.kz.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы Үкіметке жіберілді

Фото: баспасөз қызметі

Заң жобасында жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға арналған нормалар бар.

«Жобаны талқылау кезінде азаматтық сектор мен мүдделі мемлекеттік органдардың пікіріне ерекше назар аударылғанын атап өткен жөн», деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ҚР Президенті Әкімшілігі, Құқық қорғау және басқа да органдар бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енгізгеннен кейін заң жобасы Үкіметтің қарауына жіберілді.

Жоба аясында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова Нұр-сұлтан қаласындағы иттер мен мысықтарға арналған бірнеше панажайға барды. Жұмысымен танысып, проблемалық мәселелерді талқылады.

1