15 Қаңтар, 2014

Экспорт алынбас қамал емес

250 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Найдаров» ЖШС өнімдерінің Еуроодақ пен Азияның 16 еліне өтімділігімен бірге бәсекелестігі де өсіп отыр

Өндірісті өңірдің астықты аймағы саналатын Осакаров ауданында бүгінде осы байлық көзі арқылы жетістіктерін шалқытушы шаруашылықтар қатары жылдан-жылға ұлғайып келеді. Осындай істі ілгері бастырушылардың ішінде «Найдаров» ЖШС алдымен көзге түседі. Бұдан төрт-бес жыл бұрын артылған өнімді өткізуге қиналушы серіктестіктің енді оны қайда да жөнелтуге жолы кең. Әсіресе, дәнді дақылдардың түр-түрін өсіруге, егіншілікті әртараптандыруға барынша бетбұрыс жасалудан бері сыртқы рынокта бәсекелестікте мысы басым бола түсіп отыр.

Есік ашқан жыл да « Найдаров» үшін жағымды жаңалық ала келді. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекет­тік бағдарламасын іске асыру бойынша облыстық үйлестіру кеңесінің отырысында «Тары өндірудің желісін іске қосу» жобасы қолданылып, құлашты кеңейтуге тағы бір қадам жасалды.

Бұл жоба биыл, дәлірек айт­қанда, қараша айында орындалуға тиіс. Онда көзделгендей, өсірілген дақылдардан бұдан былай қарай серіктестіктің өз күшімен ұн тартылып, дайын өнім ретінде сатып алушыларға тікелей ұсынылады. Мұнымен бірге, жылына 4 мың тонна тары, арпа, бұршақ жармасын дайындау ісі жолға қойылады. Сөйтіп, бұған дейін зығыр егу көлемін көбейтіп, күнбағыс өсіруді де ұлғайтқан шаруашылыққа жаңа пайдалы істі дамыту табысты есегелі тұр.

– Астық өндірісімен ғана шұғылданып келген серіктесті­гі­міздің әлемдік рынок сұра­ны­сына орай дақылдардың әр түрін өсіруге көңіл бөлуі уақыт талабы болып табылады. Соның арқасында Еуроодақ пен Азияның 16 еліне өнімдерімізді өткізуге мүмкіндік туды. Экспорт алынбас қамал емес екен. Күні кеше армандай көрінуші еді. Бастапқы мақсатымызға жеттік. Бұдан арғы міндет – өнімдерімізді одан сайын өтімді ете түсу, –  дейді «Найдаров» жетекшісі Павел Лущак.

Серіктестіктің егіншілікті де, еңбекті де ұтымды ұйымдастыра білудегі үлгілі ізденістері көп. Мәселен, 15 мың гектар егістік алқаптың 85 пайызы ылғалды ұзақ сақтау технологиясы бойынша егіледі. Жергілікті табиғат ерекшелігіне бейімделген зығырды өсіруді 4 есеге ұлғайту да жайдан-жай емес болды. Бұл шаруашылық рентабельділігін бидайға қарағанда 2,5 есеге көтеруге септігін бір тигізсе, өте өтімді өнім ретінде де танылды. Ол негізінен АҚШ тұтынушылары сұранысына ие. Осылайша, серіктестік аймақтағы ауылшаруашылық құрылымдары арасында басты эскпорттаушыға айналып келеді.

Айқын НЕСІПБАЙ,        

«Егемен Қазақстан».

Қарағанды облысы.

Соңғы жаңалықтар

Қала көркіне айналмақ эко-парк

Экология • Бүгін, 13:23