«Бүгінгі жарыстарды бағалау қиын. Әдетте маған стадионның атмосферасы әсер етеді. Алаңға шыққанда залда отырған жанкүйерлер мен көрермендердің қуатын әрдайым сезініп, жігерленіп алатынмын. Бірақ, өкінішке қарай, бұл жолы ондай мүмкіндік болмады. Бірақ, бұл бүгінгі жеңілістің себебі емес. Жыл сайын нәтижелердің төмендей бастайтыны тағы бар. Жарақаттардан толықтай айығу үшін көп уақыт кетеді. Әлемдегі пандемия да спортшылардың жаттығуына біршама қиындық түсірді. Дегенмен де, бұл мен қатысып отырған 4-ші Олимпиада. Бұны ұлкен жетістік деп санаймын», деді атлетші.
Спорттық бәйгеден тыс Жапон халықтың сүйіспеншілігіне бөленген Ольга жанкүйерлеріне алғысын білдірді.
«Отандастарымның қолдауын сезіндім. Олимпиаданың ашылу салтанатынан кейін жаңа жанкүйерлерім де пайда болды. Халықтың ризашылығына ие болу мен үшін үлкен құрмет. Барлығына шексіз алғысымды білдіремін», деді сөз соңында Ольга Рыпакова.