Елорда • 30 Шілде, 2021

Нұр-Сұлтанда қоқыс жинау жұмыстары жүріп жатыр

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есіл өзені жағасын жүйелі түрде тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда қоқыс жинау жұмыстары жүріп жатыр

Фото astana.gov.kz

Тазарту жұмыстарын «Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ қолдауымен «Жаснұр» кәсіпорны жүргізеді.

30 адамнан тұратын бригада күн сайын Ш.Құдайбердіұлы даңғылы ауданындағы Ақбұлақ өзенінен «Толқын» СК дейін, сондай-ақ Н.Тілендиев көшесі мен Есіл өзенінің Кенесары көшесіндегі көпір ауданындағы Сарыбұлақ өзенін қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартады.

Соңғы апталарда Есіл өзенінің Ақорда маңындағы су беті тазартылды.

Бұдан кейін Сығанақ көшесіндегі Арыс көпірінен Тельмано т/а бағытында су бетін тазарту, сондай-ақ бекітілген кестеге сәйкес Президент саябағының жағалауы мен іргелес аумағын бойлай Назарбаев орталығына дейін ҚТҚ жинау жоспарлануда.

Бұл іс-шаралар қоршаған ортаға жағымды әсер етеді және өзендегі судың сапасын арттырады.