Аймақтар • 31 Шілде, 2021

Атыраулық медбике жалған вакцина паспортын 10 мың теңгеге сатқан

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда ұсталған медбикенің жалған вакцина паспортын 10 мың теңгеге сатқаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраулық медбике жалған вакцина паспортын 10 мың теңгеге сатқан

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жалған вакцина паспортын жасаған медбике бүгін, 31 шілдеде ұсталған.

«Полицейлер облыстық әкімдік және прокуратура қызметкерлерімен бірге жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, 40 жастағы медбикені ұстады. Ол еgov.kz ақпараттық жүйесіне «Covid-19» инфекциясына қарсы вакцина алу туралы ақпаратты нақты егілмеген адамдарға ақшалай сыйақы үшін енгізумен айналысқан. Күдікті жалған ақпарат енгізу үшін 10 мың теңге алғанын мойындады», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір ұсталған медбикеге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 206-бабының 1-бөлігімен  сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.