Әлем • 31 Шілде, 2021

Венгрияда мыңнан астам медбике ереуілге шықты

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венгрияда мыңнан аса медбике ереуілге шығып, жалақыны көбейтуді талап етті, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Венгрияда мыңнан астам медбике ереуілге шықты

Наразы топ пандемия кезінде жұмыс көбейгенін айтады. Бірақ еңбекақы сол күйінде қалған екен. Статистика бойынша, ақшасы аз болғандықтан жыл сайын Венгриядан 500-ге жуық медбике өзге елдерге кетіп қалатын көрінеді. Негізі былтыр күзде билік барлық дәрігерлердің жалақысын көтерген болатын. Бірақ медбикелердің еңбекақысы өзгеріссіз қалған. 

– Аз ақша алатындықтан әріптестерімінің көбі шетелге кетіп қалуға тырысады. Ал жасы үлкендері ертерек зейнетке шығып кетудің амалын жасайды, - дейді медбике Илона Борос.