Аймақтар • 01 Тамыз, 2021

Атырауда 4 күнде коронавирустан 24 адам қайтыс болды

1772 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 4 күнде коронавирустан 24 адам қайтыс болды

Әкімнің айтуынша, эпидемиялық жағдайы күрт нашарлаған қалалар қатарында Атырау да бар. Осыған байланысты Аshyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйымның қызметі уақытша тоқтатылады. Ойын-сауық, спорттық, отбасылық, садақа және өзге де бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады.

«Өңірде аса қауіпті «Дельта» штамының таралуы мен карантиндік талаптардың сақталмауынан коронавирус пен пневмонияға шалдыққандар саны күрт өсті. Мәселен, былтыр осы уақытта орта есеппен 5 830 жағдай тіркелсе, биыл 7 767-ге жетіп отыр. Күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырған 400-ден астам науқас  анықталуда. Қазір 1,5 мыңдай адам инфекциялық стационарларда оқшауланған. Оның ішінде 102 жүкті әйел, жас босанған 4 ана мен 18 жасқа дейінгі 13 бала бар. Амбулаториялық ем қабылдап жатқандар саны 4 мыңға жуықтады. Жансақтау бөлімінде 80 адам ауыр халде жатыр. Соңғы 4 күнде қауіпті вирустан 24 адам қайтыс болды», дейді Махамбет Досмұхамбетов.