Аймақтар • 01 Тамыз, 2021

Атырауда былтырдан бері 35 377 адам коронавирус жұқтырды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірдегі инфекциялық стационарларда 1 549 науқас емделіп жатыр. Стационарлардағы жүктеме 51,4%-ды құрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда былтырдан бері 35 377 адам коронавирус жұқтырды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтың айтуынша, былтырғы наурыздан бері 35 377 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

«Қазір инфекциялық стационарларда 1 549 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 102 жүкті әйел, жас босанған 4 ана, 18 жасқа дейінгі 13 бала бар. Атырау қаласындағы стационарларда жүктеме 72% (847 науқас), аудандардағы стационарларда – 81% (392) Теңіз кен орнындағы стационарда 23%-ды (310) құрады. Соңғы 10 күнде инфекциялық стационарларда жатқан науқастар саны 24%-ға өсті», дейді Асхан Байдуәлиев.