Әлем • 02 Тамыз, 2021

Малайзия халқы үкіметке наразы

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенбіде жүздеген малайзиялық үкіметтің коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін көпшілік жина­лыстарға тыйым салу талабына және сәтсіз жұмысына қатысты наразылық білдіріп, премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті.

Малайзия халқы үкіметке наразы

Маска киген және бір-бірінен алшақ тұрған наразы азаматтар «Сәтсіз үкімет» деген жазуы бар транспаранттарды, сон­дай-ақ қара жалауларды желбіретті.

Бұл Малайзиядағы алғашқы ірі де­монстрация болды. Өйткені бұған дейін көптеген азамат пандемияға орай ен­гізіл­ген шектеулерге байланысты және вирус жұқтырудан қорқып, көшеге шықпаған.

Бірақ үкіметтің шектеулеріне, ін­дет­тің күшейіп жатқанына қара­мас­тан, азаматтар премьер-министр Му­хид­дин Ясиннің дағдарысқа ұшы­ра­ған әкімшілігін билікте ұстап тұру әре­кет­те­ріне наразы екенін білдіріп, акция ұйымдастырды.

«Біз де күресіп жатырмыз. Себебі адам­дар көптеп зардап шегіп жатқан кез­де бұл үкімет саясатпен айналы­са­ды», деді наразылардың бірі Куала-Лумпурдың орталығында. «Бұл үкімет экономиканың құлдырауына алып келді, сонымен қатар біздің елдегі де­мо­кратияны бұзды», дейді олар.

«Мухиддин – қорқынышты премьер-министр», деген де пікір айтыл­ды. Наразылар бірауыздан оның от­с­­­тав­­каға кетуін талап етті.

Ұйымдастырушылар акцияға 1000-ға жуық демонстрант қатысқанын айтты, бірақ полиция олардың санын 400-ге жуық деп хабарлады.

Полиция жергілікті БАҚ-қа нара­зы­лық білдірушілер жиналыстарға ты­йым са­луды бұзғандықтан, жауапқа тар­тыл­ға­нын мәлімдеді.

Мухиддин билікке өткен жылы ре­фор­мистік әкімшілік құлағаннан кейін сай­лаусыз, жанжалдасқан коа­лицияның басына келді. Бірақ оның үкіметі одақ­тас­тары қолдаудан бас тарт­қаннан кейін құлдырау алдында тұр.