Ауа райы • 02 Тамыз, 2021

2 тамызға арналған ауа райы болжамы

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 2 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2 тамызға арналған ауа райы болжамы

«Антициклон сілемі бар Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-батысында ғана кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай соғады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады», делінген хабарламада.

Жамбыл, Түркістан облыстарында, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады.

Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай соғып, жел 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық, Жамбыл, Павлодар облыстарында, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.