Қоғам • 02 Тамыз, 2021

Қазақстанда күнбағыс майы қаншалықты қымбаттады?

733 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір жыл ішінде күнбағыс майының бағасы бірден 60,4 пайызға өсіп, 2021 жылдың маусымында күнбағыс майы Қазақстанның дүкендері мен базарларында литрі 713 теңгеден сатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда күнбағыс майы қаншалықты қымбаттады?

Бұл туралы Energyprom.kz сайты мәлімдеді.

Жыл басынан бері елімізде 93,3 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілді. Бұл былтырғымен салыстырғанда алты пайызға көп. Тазартылған күнбағыс майының 76,9 мың тоннасы өндірілді. Былтырғымен салыстырғанда 37,4 пайызға артық.

Тазартылмаған күнбағыс майының басым бөлігі ШҚО-да өндіріледі, жалпы көлемнің 72,2 пайызы. Тазартылған май өндірісі бойынша Шымкент көш бастап тұр: 34,9 мың тонна немесе ел бойынша барлық көлемнің 45,4 пайызы. Қазақстандық компаниялар 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында күнбағыс майына деген сұранысты 83,2 пайызға арттырды.

2021 жылғы маусымда елдің базарлары мен дүкендерінде майдың орташа бағасы литріне 713 теңге болды. Түркістан тұрғындарына бір бөтелке май - литріне 773 теңгеден.

Қарағанды облысында бір жылда баға 80 пайызға өсті. Алматыда - 75,9 пайыз.

Еске салайық, маусымның қорытындысы бойынша Қазақстанда көкөністер мен жемістер бір айда бірден 7,7 пайызға өскен және былтырғымен салыстырғанда 14,2 пайызға қымбаттады.