Аймақтар • 02 Тамыз, 2021

Атырауда 7 мыңға жуық науқас емделіп жатыр

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында коронавирус инфекциясынан 6 459 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде инфекциялық стационарларда 1 592, үй жағдайында емделуге 4 867 пациент оқшауланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 7 мыңға жуық науқас емделіп жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өткен тәулікте 408 адамнан қауіпті індет анықталған.

«Оның ішінде Атырау қаласында 323 жағдай расталды. Теңіз кен орнында науқастар табылған жоқ. Қызылқоға ауданында 18, Исатайда – 16, Индерде – 15, Құрманғазыда – 15, Махамбетте – 10 Мақатта – 6, Жылыой ауданында 5 адам қауіпті вирусты жұқтырды» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір 4 867 адам үй жағдайында ем-дом алу оқшауланған. Аудандардағы инфекциялық стационарларда – 388, Теңіз кен орнындағы стационарда – 342, модульдік ауруханада – 205, №2 облыстық ауруханада – 203, теміржол ауруханасында – 113, кардиологиялық орталықта – 103, фтизиопульмонология орталығында – 83, облыстық ауруханада 41 науқас ем қабылдауда. Сондай-ақ инфекциялық стационарға лайықталған жатақханаларда 114 пациент жатыр.