2013 жылғы 11 желтоқсан, Астана қаласы
«Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 110-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29)-тармақшасына, 28-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. «Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 110-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7664 тіркелген, 2012 жылғы 11 шілдедегі № 383-388 (27462) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етуді және заңнамада көзделген тәртіппен оны ресми түрде бұқаралық ақпараттық құралдарда жариялауды.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министрдің міндетін атқарушы Е. НЫСАНБАЕВ.
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және
су ресурстары министрінің міндетін атқарушысының
2013 жылғы 11 желтоқсандағы №379-Ө бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрінің
2013 жылғы 16 сәуіріндегі № 110-Ө бұйрығына қосымша
Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі
1. Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына және 28-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері әдістеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Есептеу жолымен әртүрлі орталарға эмиссиялар нормативтері, соның ішінде атмосфераға стационарлық көздерден ластаушы заттардың шекті жол берілген шығарындыларының, су объектілеріне, жергілікті жер бедеріне, сүзгілеу алаңдарына, сарқынды сулар жинақтауыштарына ластаушы заттардың төгінділерінің нормативтері, өндіріс және тұтыныс қалдықтарын орналастыру нормативтері, жол берілетін физикалық әсерлердің нормативтері айқындалады.
3. Эмиссиялар нормативтерінің шамалары шаруашылық және басқа әрекеттердің қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына тигізетін кері әсерлерін азайту мақсатында техникалық шараларды өткізу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.
Эмиссиялардың әрбір станционарлық көзі үшін және кәсіпорынды толық алғанда есептемелердің негізінде шекті жол берілген шығарындылары мен төгінділерінің нормативтері, сондай-ақ өндіріс қалдықтарын орналастыру дәне тұтыну нормативтері қоршаған ортаның сапасы нормативтеріне жетуді қамтамасыз ететіндей белгіленеді.
Қоршаған ортаның сапасы нормативтеріне жетуді қамтамасыз ету мақсатында ластаушы заттардың эмиссиялары деңгейін төмендету бойынша техникалық шараларды жүзеге асыруды аяқтауға дейінгі мерзімге эмиссиялардың нормативтік көлемдері - лимиттері есептеумен кезең-кезеңмен белгіленеді.
1. Атмосфераға стационарлық көздерден ластаушы заттар шығарындыларының нормативтерін есептеу
4. Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының нормативтері (шекті жол берілген шығарынды - ШЖБШ) өнеркәсіп кәсіпорындарының даму болашағын және атмосферада зиянды заттардың сейілуін ескере отырып, осы көзден және қаланың немесе басқа елді мекеннің көздерінің жиынтығынан жер бетіндегі шоғырлану елді мекендердің және санитарлық қорғаныш аймақтарының шекті жол берілген шоғырлануларынан аспайтындай етіп әрбір нақты атмосфераны ластау көзі үшін анықталады.
Жалпы кәсіпорын үшін шығарындылар нормативтері осы кәсіпорынның қолданыстағы, жобаланатын және қайта жаңартылатын ластаушы көздері үшін шығарындылар нормативтері мәндерінің жиынтығы бойынша белгіленеді.
Технологиялық үдерістің құрамдас бөлігі болып табылатын дүркінді шығарындылар үшін бір реттік және жылына қосындылық шама (г/с, т/жыл) бағаланады. Ең жоғарғы бір реттік дүркінді шығарындылар (г/с) өздерінің қызқамерзімділігіне байланысты нормаланбайды және атмосферада зиянды заттарды таралуын есептегенде есепке алынбайды. Дүркінді шығарындылардың жыл бойына қосынды шамасы жабдық жұмысының штаттық режимін есепке ала отырып, жалпы жылдық шығарындыны белгілеген кезде нормаланады (т/жыл).
Ықтимал болатын апаттық жағдайлармен байланысты апаттық шығарындылар нормаланбайды. Кәсіпорында экологиялық төлемдерді есептеу үшін өткен жылға іс жүзіндегі апаттық шығарындылардың есебі ұйымдастырылады.
5. Егер ШЖБШ шамалары объективтік сипаттағы себептер бойынша осы уақытқа қамтамасыз етілмесе, әрекеттегі кәсіпорындардан зиянды заттардың шығарындыларын елді мекендердің ауасында зиянды заттардың шекті жол берілген шоғырлануларын сақтауды қамтамасыз ететін шамаларға дейін кезеңдеп азайту қарастырылады.
Бұл үшін ШЖБШ нормалау кезінде ШЖБШ ақырғы нормасының шамасымен қатар жыл сайынғы (нормалаудың әр жылына) эмиссиялардың нормативтік көлемдері – зиянды шығарындыларды кезеңдеп азайтуды қамтамасыз ететін ШЖБШ жету шараларын жүзеге асыру кезеңіне зиянды заттардың шығарындыларын шектейтін лимиттер (г/с, т/жыл) анықталады.
6. Белгіленген мерзімге ШЖБШ жетуді негіздеу үшін кәсіпорын ШЖБШ нормативтеріне жету мақсатында ластаушы заттардың шығарындыларын (төгінділерін) азайту жөніндегі шаралар жоспарын құруады (бұдан әрі – шаралар жоспары).
Эмиссиялардың нормативтік көлемдері – лимиттер нормаланатын мерзімнің әр жылына кәсіпорында орнатылған табиғат қорғау жабдығын барынша толық және тиімді пайдалануға, өндіріс технологиясын сақтауға, шығарындылардың нормативтерінің жобасының құрамдас бөлігі болып табылатын шаралар жоспарына тиісті зиянды заттардың шығарындыларын азайтуға сәйкес болады.
Шығарындылардың нормативтерін есептеу кезінде шараны орындағаннан кейін шараның тиімділігі ол аяқталған жыл басталатын жылға есептеледі.
ШЖБШ жету үшін атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын азайту бойынша іс шаралар жоспарының орындалуы міндетті.
7. ШЖБШ белгілеу кезінде кәсіпорындардың даму перспективаларын, аймақтың физикалық-географиялық және климаттық шарттарын, өнеркәсіп алаңдары мен тұрғын үйлердің, санаторийлердің, демалыс аймақтарының орналасуын, өнеркәсіп алаңдары мен қоныстану аумақтарының өзара орналасуын есекеріледі.
8. Зиянды заттардың ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған шығарындыларының алдын алу және ең жоғарғы азайту үшін ең үздік қол жетімді технологияар қолданылады.
9. Шығарындылар нормативтері атмосфераны ластау көзінің әрқайсысы үшін және толығымен кәсіпорынға айқындалады. Нормалаудың сол жылына жататын жеке көздері үшін айқындалатын шығарындыларды қосу нәтижесінде кәсіпорындар немесе нысандар үшін және олардың толықтай кешені үшін шығарындылар нормативтерінің мәндері анықталады.
Қосынды шығарындыларды г/с, т/жыл анықтау кезінде жабдық жұмысының стационарлық еместігі (бір уақытты еместігі) есепке алынады.
10. Шығарындылар көздерінің тізбесі және олардың сипаттамалары жобаланатын объектілер үшін - жобалау ақпаратының негізінде, қолданыстағы объектілер үшін - атмосфералық ауаға ластаушы заттардың ШЖБШ нормативтерінің жобасын әзірлеудің бірінші кезеңі болып табылатын, атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының және олардың көздерінің түгендеуі негізінде айқындалады.
Түгендеу нәтижелері бойынша көздер құрамы мен нормалауға жататын зиянды заттар тізбесі белгілену керек.
Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарыныларын және олардың көздерін Түгендеуді жүргізу бойынша әдіснама осы Әдістеменің 1-қосымшасында көрсетілген.
11. Жүргізілген шығарындыларды түгендеу нәтижелері бойынша осы Әдістеменің 2-қосымшасындағы ңысанға сәйкес атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларының және олардың көздерінің түгендеу бланкілері толтырылады.
12. Жаңа, сонымен қатар қайтадан құрылатын және кеңейтілетін кәсіпорындар үшін ШЖБШ нормативтері осы нысандарды пайдалануға қабылдау сәтіне қаматамасыз етіледі.
Қайтадан құрылатын және кеңейтілетін кәсіпорындар үшін нормативтер кәсіпорынның қолданыстағы және жаңа барлық шығарынды көздерінің өзара әсерлерін есепке ала отырып, толықтай кәсіпорын үшін белгіенеді.
13. Кәсіпорын шығарындыларының нормативтері даму перспективасын, басқаша айтқанда технологиялық регламентпен қарастырылған желдету және шаңтазарту жабдықтарының жүйесі мен құрылысын қосқанда, жабдықты іске қосу және оны пайдалану режимдерін есепке ала отырып, оның қалыпты жұмыс істеу шарттары үшін айқындалады.
Бұл жағдайда қолданыстағы кәсіпорындар үшін жобамен белгіленген көрсеткіштердің шектерінде соңғы 2-3 жыл үшін жабдықтың іс жүзіндегі ең жоғарғы жүктемесі есепке алынады.
ШЖБШ есептеуге арналған әрекеттегі жағдайға және перспективасына шығарындылардың көздерінің атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларының параметрлері осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кестеде келтірілген.
14. Кәсіпорынды кеңейту, қайта құру кезінде даму перспективасына зиянды заттардың шығарындыларының жаңа көздері мемлекеттік экологиялық экспертизаның оң қорытындысын алған алға қойылған әрекеттің жұмыс жобаларына сәйкес есепке алынады.
Жұмыс жобаларын әзірлеусіз кәсіпорынның ағымдағы шаруашылық әрекетін қамтамасыз ету үшін енгізілетін зиянды заттардың шығарындыларының көздері ШЖБШ нормативтерінің құрамында есепке алынады.
15. Шығарындылар нормативтері уақыт бірлігінде (секундта) тасталатын зиянды зат салмағы (грамдарда) ретінде анықталады. Ең жоғарғы бір реттік рұқсат етілген тастандылармен (г/с) қатар шаралар жоспарына сәйкес атмосфераға тасталатын зиянды заттар шығарындыларын азайтуды есептеп, әр көз үшін жеке және толығымен кәсіпорынға рұқсат етілген шығарындылардың жылдық шамасы жылына тонналарда (т/жыл) белгіленеді. Шаралар жоспарының нысаны осы Әдістемеге 4-қосымшада келтірілген.
Нормаланатын зиянды заттардың тізбесі «Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 557 Қаулысымен бекітілген.
16. ШЖБШ нормативтері объектінің санитарлық-қорғаныш аймағының шекарасында, сондай-ақ жақын тұрғын үй аймағының аумағында атмосфералық ауаның жерге жақын қабатындағы ластаушы заттардың ең жоғары бір реттік шоғырлануы аялық шоғырлануларды ескере отырып, елді мекендердің атмосфералық ауасы үшін тиісті гигиеналық нормативтерден аспайтындай етіп белгіленуі тиіс.
17. Нормалау жылдары бойынша және кәсіпорын бойынша ластаушы заттардың шығарындыларының нормативтері ШЖБШ жету мерзіміне шығарындылар нормативтері осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кестеде келтірілген.
18. Курорттарды санитариялық қорғау аймақтары, ірі санаторийлер мен демалыс үйлерінің орналасу орындары, қалалардың демалыс аймақтары үшін, сондай-ақ, атмосфералық ауаны қорғауға жоғары талаптар қойылатын басқа да аумақтар үшін әлеуетті қауіпті химиялық заттардың шекті жол берілген ең жоғарғы бір реттік шоғырланулары 0,8 ШЖБШуе.б.-ға ауыстырылады.
19. Жылжымалы көздердің қозғалтқыштарынан газ ауа қоспасының ең жоғарғы бір реттік шығарындылары (г/с) жылжымалы көздердің жұмысы олардың стационарлық орналасуымен байланысты болған жағдайда ғана атмосфералық ауаға әсерді бағалау мақсатында есепке алынады.
Жылжымалы көздердің қозғалтқыштарынан жалпы шығарындылар (т/жыл) нормаланбайды және зиянды заттар шығарындылардың жалпы көлеміне енгізілмейді.
20. Қатты бөлшектердің (шаңның) жер беті шоғырлануларын анықтау үшін атмосфералық ауада төселетін бетке аталған бөлшектердің гравитациялық шөгу жылдамдығын есепке алатын Ғ өлшемсіз коэффициент қолданылу керек.
Ғ коэффициентінің шамасы шаңның құрамына және көзде орнатылған шаңтазартқыштың тиімділігіне байланысты 1-ден 3-ке дейін өзгереді. Егер тасталатын шаң бөлшектерінің салмағын өлшемдері бойынша бөлу туралы мәліметтер болған жағдайда Ғ коэффициентінің шамасы нақтылануы мүмкін.
Шығарындылардың құрамындағы зиянды заттар қатарының диспенсерлік құрам туралы қолдағы мәліметтерге тиісті атмосферада сейілуді есептеу кезінде электр- немесе газдәнекерлеу әдістерімен металдарды пісіру немесе кесу кезінде қатты бөлшектер, жылжымалы көлік құралдарының қозғалтқышы жұмыс істеп тұрғанда қорғасын пен оның қосылыстары, қазандықтардан - бенз(а)пирен мен күйе, жану үдерістерінде –диоксиндер (фурандар), ілеспе мұнай газын жаққанда – күйе үшін F = 1 параметр шамасын қабылдау ұсынылады.
Бұнда шығарындыларды тазартуға және диспенсерлік құрамына тәуелсіз атмосфераға шыққаннан кейін (ылғалды тәсілмен глинозем өндіргенде) бірден оның қарқынды конденсациясы бақыланатындай құрамында су буының көлемі жыл бойында жеткілікті шығарындылар үшін параметр шамасы F = 3.
21. Атмосфераның ластануын есептеу және шығарындыларын анықтау кезінде технологиялық үдерістер мен көлік құралдарының барлық түрлері үшін атмосфераға түсетін азот тотықтарының толық немесе жартылай өзгеруін есепке алу керек. Бұл үшін есеп бойынша немесе аспаптық өлшемдермен белгіленген азот тотықтарының (МNOх) шығарындыларының мөлшері
NO2 қайта есептегенде келесі құрамдастырушыларға бөлінеді азот оксиді (NO) мен азот диоксиді. NOх өзгеру коэффициенттерді ең жоғарғы белгіленген өзгеру деңгейінде қабылданады, басқаша айтқанда 0,8 – NO2 үшін және 0,13 – NO үшін. Сонда жеке шығарындылар келесі формулалар бойынша анықталады:
МNO2 сек. = 0,8 х МNOx сек., МNO2 жыл. = 0,8 х МNOx жыл., (1)
МNO сек. = 0,13 х МNOх сек., МNO жыл. = 0,13 х МNOх жыл. (2)
22. ШЖБШ нормалау кезінде объектінің санитарлық-қорғау аймағының (СҚА) көлемінің жеткіліктілігін бағалау жүзеге асырылады. СҚА режимінің мөлшері мен орналасу тәртібі «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 93 Қаулысымен белкітілген.
23. Атмосфераға зиянды заттарды шығарындыларын нормалау елді мекендердің атмосфералық ауасының сапасының гигиеналық өлшемдерін сақтау қажеттілігіне негізделген.
Бұл жағдайда төмендегі қатынасты орындау керек:
С / ШЖБШу ≤ 1 (3)
бұнда С– ауаның жер үсті қабатында зиянды заттың есептік шоғырлануы;
ШЖБШу – елді мекендердің атмосфералық ауасында зиянды заттардың шекті жол берілген шоғырланулары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген).
Елді мекендердің атмосфералық ауасы үшін гигиеналық нормативтер ретінде атмосфераға шығарындыларды нормалау мақсатында әлеуетті-қауіпті химиялық заттардың шекті жол берілген ең жоғарғы бір реттік шоғырлануының мәндері немесе, ШЖБШуе.б. болмаған жағдайда - әлеуетті-қауіпті химиялық заттардың бағдарлы қауіпсіз әсерлер деңгейлері (бұдан әрі - БҚӘД) нормативтерінің мәндері қабылданады.
Егер зат үшін тек шекті жол берілген орташа тәуліктік шоғырлануы (ШЖБШу0.Т.) болса, онда ол үшін төмендегі қатынас қолданылады:
0,1 С<ШЖБШу0.Т. (4)
24. Атмосфералық ауада әрекеттері сомаланатын қасиеттері бар бірнеше (n) зиянды зат бірге болған жағдайда олардың шоғырлану сомасы келесі формуламен есептеу кезінде бірден аспау керек:
С1 / ШЖБШУ1 + С2 / ШЖБШУ2 + … Сn / ШЖБШУn ≤ 1 (5)
бұнда С1, С2,...... Сп – атмосфералық ауада заттардың іс жүзінде шоғырлануы;
ШЖБШУ1, ШЖБШУ2,...... ШЖБШУn – сол заттардың шекті жол берілген шоғырланулары.
Көпкомпонентті қоспалардың құрамдастырылған әрекеті денсаулық сақтау саласының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес есептеулерде есепке алынады.
25. ШЖБШ анықтау кезінде атмосфераны ластау көзі үшін Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын «Қазгидромет» берген ауадағы қаланың немесе басқа елді мекеннің басқа көздерінен (оның ішінде автокөліктен) зиянды заттардың аялық шоғырлану шамалары Сф (мг/м3) есепке алынады. Бұл үшін (3) қатынасында С орнына С + Сф қабылданады.
26. ШЖБШ белгілеген кезде атмосфераны ластауды есептеу белгіленген тәртіпте келісілген бағдарламалар бойынша қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті органның бекіткен кәсіпорындардың шығарындыларынан атмосфералық ауада зиянды заттарды шоғырлауды есептеу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
27. Кәсіпорын басшысы (тапсырыс беруші) бекіткен шығарындылар нормативтерін белгілейтін құжаттама санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамаға беріледі.
28. ШЖБШ нормативтері бес жылда кемінде бір рет қайта қарастырылады.
Кәсіпорын бастамасы бойынша қолданыс мерзімі біткенге дейін шекті-жол берілген шығарындылардың ерте белгіленген нормативтерін қайта қарастырудың себебі:
1) атмосфераны ластаудың жаңа көздерін немесе параметрлерінің өзгеруін ескеру қажеттігі;
2) шығарындылар көздерінің санын қысқартуға немесе ұлғайтуға әкеп соғатын заңды тұлғаны – жер қойнауын пайдаланушыны қайта ұйымдастыру болып табылады; кәсіпорынды қайта ұйымдастырған жағдайда ШЖБШ белгілеу бойынша құжаттама құрамында шығарындылар көздері бойынша бөлгіш теңгерімді беру қажет.
29. Қолданыс мерзімі біткенге дейін ШЖБШ нормативтерін қайта қарастыру (түзету) кезінде жаңа нормативтерді белгілеудің әрекеттері ШЖБШ қолданыстағы нормативтерін анықтаған кезде өткізілген түгендеу нәтижелеріне негізделе алады.
30. Шығарындылар нормативтері белгіленген табиғатты пайдаланушылар өз техникалық және қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуын қадағалау үшін қажет көлемде әзірленген бағдарлама негізінде жол берілген шығарындылардың өндірістік экологиялық бақылануын жүргіледі.
31. Азот оксидінің МNOх шығарындыларын бақылау кезінде (NO2 есептеген кезде) көзден азот диоксидінің (MNO2) және азот оксидінің (MNO) шығарындыларының көлемі газталдағыш аспабын тиісті баптауларын беру арқылы атмосферада оксидтердің өзгеруін немесе есептеуді ескеріп анықталады.
32. Метеорологиялық жағдайлар қолайсыз болған кезде кәсіпорын халқының денсаулығы үшін қауіпті болатын атмосфераны ластаудың қысқа мерзімдік кезеңінде кәсіпорынның жұмысы жартылай немесе толық тоқтағанға дейін зиянды заттардың шығарындыларының төмендетілуін қамтамасыз етеді.
33. Апат нәтижесінде жол берілген шығарындылар асқан кезде кәсіпорын қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті органға дереу хабарлауға, кәсіпорынды тоқтатқанға дейін атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын азайту, атмосфераны ластаудың салдарын жою бойынша шаралар қолдануға, сондай-ақ апат пен қолданылған шаралар туралы ақпарат береді.
34. Жалпы алғанда кәсіпорын үшін зиян заттардың шығарындыларын төмендету тиімділігі барлық техникалық ықтимал жағдайларда тікелей құрал-саймандық өлшемдер деректері бойынша анықталатын көздерде шығарындыларды төмендету бойынша бағаланады. Мұның өзінде шығарындыларды төмендетудің жылдық көлемін есепте осы өндіріс үшін әрекет ететін шығарындыларды есептеу әдістемесіне сәйкес орындалады.
2. Ластаушы заттар төгінділерінің нормативтерін есептеу
35. Жер үсті су объектілеріне, жергілікті жер бедеріне, сүзгілеу алаңдарына және сарқынды сулар жинақтауыштарына сарқынды сулармен ластаушы заттардың шекті жол берілген төгінділерінің (бұдан әрі - ШЖБТ) нормативтері сарқынды сулардың әрбір шығарылуы үшін есептеледі. Жалпы кәсіпорын үшін ШЖБТ нормативтері осы кәсіпорынның қолданыстағы, жобаланатын және реконструкцияланатын жеке ластаушы көздері үшін ШЖБТ мәндерінің жиынтығы бойынша белгілейді.
36. Қалалық кәріз желілеріне бұрылатын өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулар үшін ШЖБТ нормативтері белгіленбейді.
37. Тек жылулық ластануы бар нормативтік (шартты) таза сарқынды суларды су объектілеріне төгу кезінде ластаушы заттардың ШЖБТ нормативтері белгіленбейді.
Нормативтік (шартты) таза сарқынды сулар дегеніміз – қосалқы операциялар мен үдерістерде технологиялық аппаратура мен қуаттық агрегаттарды салқындатқаннан түзілетін, ластанбаған, бірақ жоғары температурасы бар сулар.
Бұл ретте төгілетін сулар құрамының су объектісінің су бұру ауданындағы (бір су объектісінде суды пайдалану шартымен) су құрамына сәйкестігі бөлігінде бақылау жүргізу қажет.
38. Жабдықты салқындатудың технологиялдық сұлбасында май жүйелері болған кезде мұнай өнімдері үшін ШЖБТ нормативтері белгіленеді.
39. Шығарымдар тізбесі мен олардың сипаттамалары жобаланатын объектілер үшін жобалау ақпараты негізінде, қолданыстағы объектілер үшін – сынамаларды іріктеуді жүргізумен және аналитикалық зерттеулермен сүйемелденетін шығарымдарды түгендеу негізінде анықталады.
40. Сарқынды сулардың шығарымдарын түгендеу нәтижелері осы Әдістеменің 6 қосымшасына сай нысан бойынша беріледі.
Сарқынды суларды тазалау бойынша имараттар болған кезде тазалау имараттарының тиімділігі Әдістеменің 7 қосымшасына сай нысан бойынша беріледі.
41. ШЖБТ шамалары сарқынды сулардың бір сағаттағы ең жоғары шығынының q (м3/сағ) төгуге жол берілген ластаушы заттардың шоғырлануына (СШЖБТ, г/м3) туындысы ретінде анықталады. Сарқынды сулар төгінділерінің шарттарын есептеу кезінде бастапқысында бақылау бекітпесінда судың нормативтік сапасын қамтамасыз ететін СШЖБТ мәні айқындалады, содан кейін ШЖБТ (г/сағ) формулаға сәйкес айқындалады:
ШЖБТ = q х СШЖБТ, г/сағ, (6)
мұнда q - сарқынды сулардың бір сағаттағы ең жоғары шығыны, м3/сағ;
СШЖБТ - төгуге жол берілген ластаушы заттың шоғырлануы, г/м3.
Ең жоғары жол берілген төгінділермен (г/с) қатар әр шығарым мен жалпы алғанда кәсіпорын үшін жылмен тоннада жол берілген төгінділердің жылдық мәндері (лимиттері) белгіленеді.
42. ШЖБТ көлемін анықтау үшін есептеу шарттары (бастапқы деректер) өткен үш жылдың деректері немесе, егер олар кеңейтудің, қайта жаңғыртудың алдын ала келісілген жобалары бойынша шын мәнінде белгілі болса, перспектвитік қолайлылығы аздау мәндер бойынша таңдалады.
43. Нормаланатын зиянды заттардың тізбесі «Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 557 Қаулысымен бекітілген.
Әр су пайдаланушы үшін ШЖБТ нормативтерін есептеуге қосылатын заттар тізбесі шаруашылық субъекттің суды пайдаланудың арнайы жағдайларына тәуелді болып, ШЖБТ нормативтерін есептеу бойынша материалдар құрамында бекітіледі.
44. Егер жұмыс істейтін кәсіпорынның іс жүзіндегі төгінділері есептік ШЖБТ-дан кем болса, онда ШЖБТ ретінде іс жүзіндегі төгінділер қабылданады.
45. Жобаланатын кәсіпорындардың ШЖБТ шамалары жобалық құжаттаманың құрамында айкындалады.
46. Су объектілеріне төгінділер нормативтері бақылау бекітпесінда су сапасы нормаларын қамтамасыз ету мақсатында уақыт бірлігінде су объектісінің аталмыш пунктінде белгіленген тәртіппен төгуге ең жоғарғы жол берілетін, сарқынды сулардағы заттардың массасы деп түсінілетін жол берілген төгінділердің есептік мәндері болып табылады.
47. Төгінділер нормативтері орнатылған бақылау бекітпесінде ластаушы заттардың ШЖБШ артуына жол бермеу жағдайларына сүйене отырып немесе шаруашылық-ауыз су, коммуналдық-тұрмыстық немесе барық шаруашылығы мақсаттар үшін оны мақсатты пайдалану үшін ескере отырып, су обьектісі учаскесінде белгіленеді.
48. Бақылау бекітпесі табиғи суларды ластау көзінен (сарқынды суларды төгу, пайдалы қазбаларды өндіру орындары, су объектісінде жұмыстар жүргізу және т.б.) 500 метр қашықтықта орнатылады.
49. Су объектілеріне төгінділерді нормалау мақсатында шекті жол берілген шоғырланулар ретінде су объектісінің су пайдалану түріне сәйкес келетін шоғырланулар қабылданады.
Су объектісін немесе оның учаскесін әртүрлі мақсаттарға бір уақытта пайдаланған жағдайда судың құрамы мен қасиеттеріне белгіленгендердің ішіндегі ең қатаңы нормалары қойылады.
50. Егер су объектісінің аялық ластануы қандайда бір көрсеткіштер бойынша бақылау бекітпесінде судың нормативтік сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермесе, онда осы көрсеткіштер бойынша ШЖБТ су объектілері суының құрамы мен қасиеттеріне қойылатын нормативтік талаптарды сарқынды сулардың өзіне жатқызуды негізге ала отырып белгіленеді.
Егер, су объектісі сумен қамту және суды бұрудың объектісі бірмезгілде болып табылады, мұның өзінде г/с және т/жыл ластаушы заттардың нақты төгіндісі массасын есептеу кезінде суды пайдалану нәтижесінде су объектіне келіп түсетін заттардың сол ғана саны ескеріледі (төгілетін суда болатын ластаушы заттардың жалпы саны сол су объектісінен алынған суда болатын осы заттар санына азаяды).
Түгендеуде г/с және т/жыл жоғарыда көрсетілген есептік көлемдерін негіздеу үшін төгіндідегі шоғырлану сияқты, сорл сияқты кезеңділікпен анықталған нормаланатын заттардың толық тізбесі бойынша, су бөтегге барлық нормаланатын заттардың шоғырлануы бойынша деректерді көрсету қажет.
51. Бақыланатын қоспалардың аялық шоғырлануының кезеңдік (бір жолғы) өсуі жағдайында, аяның осы өзгеруімен туындаған ШЖБТ артуы ШЖБТ нормативтерінің бұзылуы болып табылады.
52. Егер су объектісінің аялық ластануы табиғи себептермен негізделген болса, онда ШЖБТ судың қалыптасқан аялық сапасының бақылау тармағында сақтау шартарына сүйене отырып, белгіленеді.
53. Егер қолданыстағы кәсіпорынмен сарқынды сулардың төгіндісі ШЖБТ нормативтерінің артуымен жүзеге асырылаьтын болса, объективті сипаттағы себептер бойынша ШЖБТ мәндеріне қазіргі таңда қол жеткізу мүмкін болмай отыр, бақылау бекітпесінде ШЖБШу сақталуын қамтамасыз ететін мәндерге дейін ластаушы заттардың төгінділерінің кезең-кезеңмен төмендеуі қарастырылады.
Бұл үшін ШЖБТ ақырғы нормасының мәнімен қатар ШЖБТ нормалау кезінде төгінлідердің тізбекті азайтылуын қамтамасыз ететін ШЖБТ қол жеткізу бойынша іс-шараларды іске асыру кезеңінде ластаушы заттардың шығарындысын шектейтін эмиссиялардың жыл сайынғы (нормалаудың әр жылына) нормативтік көлемдері – төгінділер лимиттері (г/с, т/жыл), анықталады.
СШЖБТ ретінде эмиссиялардың нормативтік көлемдерін – төгінділер лимиттерін есептеу үшін сарқынды суларды тазалаудың іске асырылатын технологиясын пайдаланған кезде қол жеткізілетін шоғырлану падаланылады, г/м3.
54. Белгіленген мерзімде ШЖБТ жеткізуді негіздеу үшін кәсіпорын ластаушы заттардың төгінділерін төмендету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу тиіс. Жоспар ұсынылған іс-шараларды орындау бойынша кәсіпорынның экономикалық мүмкіндігінің растамасынан тұру тиіс.
Көрсетілген іс-шаралар мен оларды іске асыру мерзімдері қаржылық, материалдық-техникалық ресурстармен, жобалық материалдармен, мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымдарының қажетті мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілу тиіс. Кәсіпорын ШЖБТ жобасында ШЖБТ нормативтеріне қол жеткізу бойынша іс-шаралар жоспарына тиісті негіздемені беру тиіс.
Нормаланатын кезеңнің әр жылына эмиссиялардың нормативтік көлемдері – төгінділер лимиттері кәсіпорында белгіленген табиғатты қорғау жабдығын неғұрлым толық және тиімді пайдалануға, өндіріс технологиясын сақтауға, ШЖБТ қол жеткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ластаушы заттардың төгіндісін төмендетуге сәйкес келу тиіс.
55. Нормалау жылдары бойынша кәсіпорын бойынша ластаушы заттардың төгінділерінің нормативтері осы Әдістеменің 8 қосымшасына сай нысан бойынша келтіріледі.
56. Табиғи, қалыпты аяға (алюминий, мыс, селен, теллур, фтор иондары және басқалар) өсімдер нормаланатын заттар үшін ШЖБТ осы табиғи, қалыпты аяларға жол берілген өсімдерді ескере отырып белгіленуі тиіс.
57. Табиғи сулардың минералдануы жоғары аудандарда орналасқан кәсіпорындар үшін ШЖБТ есептеу кезінде 1500 г/м3 шамасын жер үсті суларының шекті минералдану деңгейі ретінде қабылдауға жол беріледі. Теңіз сулары үшін минералдану бойынша ШЖБТ белгіленбейді.
58. Су объектісінің гидрологиялық режимі мен судың аялық құрамы бойынша деректерді су пайдаланушылар су объектісінде бақылау болған жағдайда «Қазгидромет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның жергілікті органдарынан сұратады.
Казгидромет бақылауы болмаған кезде суды пайдаланушының, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары мен бақылау органдарының бақылауларының деректері пайдаланыла алады.
59. Жергілікті жер бедеріне немесе сүзгілеу алаңдарына сарқынды сулармен бұрылатын заттардың ШЖБТ есептеулері кезінде осы заттың шекті жол берілетін шоғырлануы (СШЖБТ) сүзілген сулардың жер асты суларының ағынында араласуды (n) ескере отырып су ағу жиегінде ластаушы заттың аялық шоғырлануын (Са) аспайтындай етіп алынады:
СШЖБТ = n х Са, (7)
мұнда n - сүзілген сулардың жер асты суларымен араласу еселілігі;
Са - ластаушы заттың суағу жиегінің аялық шоғырлануы.
Жайылу күмбезінің сыртында орналасқан бақылау ұңғымалары бойынша анықталады. Аялық шоғырланулар туралы деректер болмаған жағдайда аялық ретінде мәдени-тұрмыстық пайдалану су объектілері үшін шекті жол берілген шоғырланулары қабылданады (су пайдаланудың II санаты – тұрғындардың демалысы үшін, сондай-ақ елді мекендер шегіндегі су қоймалары) Сф = ШЖБШУк.б.
Араластыру еселігі келесі формула бойынша анықталады:
бұнда Vф – сүзілген су шығынын есептеу көлемі,
Vф = Vжыл + VА – VИ, м3/жыл, (9)
бұнда Vжыл – сүзу алаңына апарылатын сарқынды сулар көлемі, м3/жыл;
VА – сүзу алаңына түсетін орташа жылдың атмосфералық шөгінділердің саны, м3/жыл;
VИ – осы бетте буланатын ылғал көлемі данатын, м3/жыл;
L – сүзілетін сарқынды сулардың жерасты сулармен араласу кезінде су ағу жиегінің қуатын есептеудің өлшемсіз коэффициенті;
m – су ағу жиегінің қуаты, м;
р – су ағу жыныстарының кеуектілігі, өлшемсіз коэффициенті;
S – сүзу алаңы ауданы, м2;
Т – соңында сүзу алаңындағы жерасты суларында ластаушы заттардың шоғырлануы шекті жол берілген мәннен аспау тиіс есептік уақыты, жылы,
Т = tэ + 5, (10)
бұнда tэ – жергілікті рельефте төгіндінің жобалық (атап өтілетін) мерзімі;
Х – бір жолға жерасты сулармен өтетін жол ұзындығы,
Х = 365 ∙ К ∙ Iе, (11)
бұнда К – сүзу коэффициенті, м/тәулік;
Iе – жерасты сулардың табиғи ағыны еңісінің градиенті, өлшемсіз көлем.
Жайылу күмбезінің радиусы мына формула бойынша анықталады:
м (12)
мұнда R - жайылу күмбезінің радиусы, м;
К - сүзілу коэффициенті, м/тәу;
Н - топырақ суларының сүзгілеу алаңдарының түбінен орналасуының бастапқы тереңдігі, м;
h - сүзгілеу алаңдарындағы судың тереңдігі, м;
m – су ағу жиегінің қуаты, м;
Р - сүзгілеу алаңының периметрі, м;
G - сүзгілеу алаңдарына түсетін сарқынды сулардың шығыны, м3/тәу.
60. Жинақтауыштарға сарқынды суларды төгу кезіндегі ластаушы заттардың жол берілетін шоғырлануларының есебі мына формула бойынша есептеледі:
СШЖБТ = Са + (СШЖБШ – Са) х Ка, (13)
мұнда СШЖБТ - жинақтауышта (бақылау бекітпесінде) судың нормативтік сапасын қамтамасыз ететін, сарқынды сулардағы ластаушы заттың есеппен анықталған шоғырлануы, мг/л;
Са - ластаушы заттың жинақтауыштағы (бақылау бекітпесіндағы) аялық шоғырлануы, мг/л;
СШЖБШ - ластаушы заттың сарқынды суларының ақырғы суқабылдағышының суындағы шекті жол берілген шоғырлануы, мг/л;
Ка - жинақтауыштың ассимиляциялық, булану, сүзгілеу қасиеттерін жиынтықты ескеретін коэффициент.
Ка коэффициенті мына формула бойынша анықталады:
(14)
мұнда qж - су тоғандарының ішкі үдерістеріне қатысатын, жинақтауыш суының үлесті көлемі, м3/жыл;
qб - жинақтауыштың бетінен буланатын судың үлесті көлемі, м3/жыл;
qc - жинақтауыштан сүзілетін сарқынды сулардың көлемі, м3 /жыл;
qп - пайдаланылатын судың көлемі (егер мұндай көлемдер болса), м3/жыл;
qcap - жинақтауышқа бұрылатын сарқынды сулардың шығыны, м3 /жыл.
qж,qб және qc мәндері мына формулалар бойынша табылады:
qн = Q / tэ, (15)
qи = Qu/ tэ, (16)
(17)
мұнда Q - ШЖБТ есептеу кезіндегі СС жинақтауышының нақты көлемі, м3:
tп - жинақтауышты нақты пайдалану уақыты, жылдар;
Qб - жинақтауыштың буландыру қабілеті, м3;
k - жинақтауыш арнасының сүзгілеу коэффициенті, м/тәу;
m – су ағу жиегінің қалыңдығы, м;
Н - жинақтауыштағы сарқынды сулар бағанасының биіктігі, м;
R - жинақтауыш ортасынан су ағу жиегінің қалыңдығының қоректену сұлбасына дейінгі қашықтық, м;
Rk - жинақтауыштың радиусы, м;;
365 - бір жылдағы тәуліктің саны (тәуліктерді жылға аудару).
61. Жинақтауыш сарқындарының бір бөлігін өзендерге немесе суаруға бұрған жағдайда СШЖБШ ретінде сәйкесінше балық шаруашылығы су пайдаланудың шекті жол берілген шоғырланулары (ШЖБШбал) және суару суы сапасының нормалары (ШЖБШсуғару) алынады.
62. Егер сарқынды сулардың ақырғы су қабылдағышы ретінде жабық типті жинақтауыш болған жағдайда, яғни суаруға арналған ашық су алу болмағанда немесе жинақтауыш сарқындарының бір бөлігінің төгінділерін өзендерге немесе басқа табиғат объектілеріне тастау жүзеге асырылмағанда, жол берілетін шоғырланудың есебі мына формула бойынша жүргізіледі:
СШЖБТ = Снақты (18)
мұнда Снақты - тазарту құрылғыларынан кейінгі ластаушы заттардың нақты төгіндісі, мг/л.
Жинақтауыш мұндай жағдайда сарқынды сулардың жинақтауыш-буландырғышы ретінде пайдаланылады.
63. Жер үсті су объектілеріне сарқынды суларды төгу кезінде ластаушы заттардың жол берілген шоғырлануларының есебі мына формула бойынша шешіледі:
СШЖБТ= n х (Сшжбш - Са) + Са, (19)
мұнда Сшжбш - ластаушы заттың су объектісі суындағы шекті жол берілген шоғырлануы, г/м3;
Са - ластаушы заттың сарқынды сулар шығаруынан 0,5 км жоғары су ағысындағы аялық шоғырлануы, г/м3;
n - сарқынды сулардың су ағысындағы араласу еселілігі, келесі формуламен анықталады:
n = (g + γ Q) / g, (20)
мұнда g - сарқынды сулардың шығыны, м3/с;
Q - су ағысындағы судың есептік шығыны, м3/с;
- өзен шығынының қандай бөлігінің есепті өзен бекітпесіндегі ең ластанған ағыстың сарқынды суларымен араласуын көрсететін, араласу коэффициенті. Ірі су ағыстары үшін шамамен γ=0,6, орташалары үшін γ=0,8, кішілері үшін γ=1,0.
64. Консервативтік емес заттар үшін СШЖБТ анықтау үшін есептік формула келесі түрде болады:
СПДС = n · (СПДК · еkt – Сф) + Сф, (21)
бұнда е = 2,72 – натуралды логарифмнің негіздемесі;
k – консервативтік емес коэффициент ВНИИВО деректері және «Елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың кәрізі» жобалаушының анықтамалығы бойынша қабылданады;
t – сарқынды суларды шығару орнынан бақылау бекітпесіне дейін жету уақыты, тәулік.
65. Салынды заттардың жол берілген шоғырлануының есебі мына формула бойынша жүргізіледі:
СШЖБТ=А(1+γ Q/g)+Са, (22)
мұнда A = 0,75 коммуналдық тұрмыстық су пайдалану су ағысы үшін және екінші санаттағы балық шаруашылығы су ағыстары үшін, A = 0,25 жоғары және бірінші санаттағы балық шаруашылығы су ағыстары үшін, сондай-ақ оларды шаруашылық-ауыз су мақсаттарда пайдаланған жағдайда.
66. Төгінділер нормативтері белгіленген табиғатты пайдаланушылар өз техникалық және қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуын қадағалау үшін қажет минималды көлемде әзірленген бағдарлама негізінде жол берілген төгінділердің өндірістік экологиялық бақылануын жүргізіледі.
Жол берілген төгінділер нормативтерін сақтауды бақылау төгіндіден 500 м жоғары және төмен орналасқан сарқынды сулардың шығарымдары мен бақылау бекітпелерінде жүзеге асырылады.
67. ШЖБТ нормативтері қайта қарастырылады:
қолданыс мерзімі біткен соң бес жылда кемінде бір рет;
2) кәсіпорынның жабдығын пайдаланудың техникалық жағдайлары өзгерген кезде.
68. Қолданыс мерзімі біткенге дейін ШЖБТ нормативтерін қайта қарастыру (түзету) кезінде жаңа нормативтерді белгілеудің әрекеттері ШЖБТ қолданыстағы нормативтерін анықтаған кезде өткізілген түгендеу нәтижелеріне негізделе алады.
Қолданыс мерзімі біткенге дейін қайта қарастыру (түзету) кезінде ШЖБТ мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізу мерзімі Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сай қайтара экологиялық сараптаманы өткізу мерзіміне сәйкес келу тиіс.
3. Қалдықтарды орналастыр