Тарих • 03 Тамыз, 2021

Қасқыр бейнелі қасық

539 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тарих – құпиялардың сөздігі. Шешімін табу үшін көне дүниелердің көзімен қарауға тура келеді. Адамзаттың шыққан тегін анықтайтын да сол құнды жауһарлар. Сенбесеңіз, көркемделіп ойылған зооморфты сүйек қасыққа қараңызшы. Бөрінің бейнесі сызылған ескі заттан қазақтың иісі шығып тұр.

Қасқыр бейнелі қасық

Сынтас І қорымындағы №1 қорғаннан табылған қасықта араны ақсиған миниатюралық қасқырдың басы бейнеленген.

Ежелгі суретші тұтқа­сы­ның кең бөлігінде (ұзындығы 8,5 см, ені 2,3 см) бірнеше мү­сінді ойып көрсеткен. Бі­рінші – қасқырдың басы артқа бұрылған күйінде және араны ақсиған түрінде көрсетілген. Оның мойны мен денесі ішкі жағынан штрихталған параллельді сызықтармен өрнектелген. Келесі қыран құстың сұлбасы, ол басымен артқа қарай бағытталған. Сон­дай-ақ құстың қанаты қиғаш қа­шаулармен бейнеленген, қа­уырсыны – қабыршақтар се­кілді домалақша етіп жа­салған.

Қыранның аяқтары са­қина тәрізді қашалған. Дәл соның астында сол сияқты қыранның басы бейнеленген, бірақ басы төменірек бұ­рылған, егер қасықты жо­ғары қарай айналдыратын бол­сақ, онда ежелгі шебердің киік­тің басын бейнелегені бай­қалады, киіктің мүйіздері тура қасқырдың алдыңғы аяқтарына дейін бейнеленген. Қасықтың соңғы жағы сын­ған, бірақ шетіне қарай үңілсек оның тұтқасы ілгек тәрізді аяқталғаны байқалады. Тұт­қаның кері жағынан да біз айна симметриясының қағи­дасы секілді дәл осындай композицияны байқаймыз.

Бұл қасық – сүйекті ойып өрнектеудегі сирек кездесетін «зоологиялық басқатырғыш» стиліндегі көркем ою үлгісі. Тікелей ұқсастығы жоқ, бірақ савромат әлеміндегі қол­дан­балы өнерде осыған ұқ­сас сүйек­тен жасалған бұйым­дар Пятимарыда, Варна ауы­лында кездеседі. Осындай жеке данада кездесетін «бас­­қатырғыш» стиліндегі зат­тар Еу­разияның дала бел­деуіндегі басқа аудандарында да белгілі, әсіресе Орталық Қазақстан мен Туваны айтуға болады.

Сүйектен жасалған қа­сық­тар сарматтарда әйел адам­­дардың жерлеу орнына қойылатын заттар болып табылады. Олар осы қасықтарды бояғыш заттарды жағу үшін қолданылған. Бірақ Сынтас қорымындағы қасықтар ер адамдардың жерлеу орнында да табылған болатын, әрі сон­дай жерден, яғни дәл же­бе ұштарының үйіндісінен табылған. Мүмкін, осындай қасықтардың бұл бөлігі жа­уынгердің қорамсағымен бай­ланысты, немесе өзіндік тұ­мар қызметтерін атқарған болар.

Жоғарыда келтірілген ма­териалдың заттай салыстырмасына қарағанда, Сынтас I қорымындағы қорғандарда жерленген жауынгерлер б.з.д. VI-V ғғ. соңына жатады.