Оқиға • 03 Тамыз, 2021

Қостанайдағы мелькомбинаттан өрт шықты

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2 тамыз сағат 22:20-да байланыс пунктіне Қостанай қаласында Наримановская көшесінде болған өрт туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайдағы мелькомбинаттан өрт шықты

Сағат 22:28-де өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп, өрт ошағын сөндіре бастады.

Өрттің ұн және макарон өнімдерін шығаратын кәсіпорын - «Қостанай мелькомбинат» АҚ үш қабатты әкімшілік ғимаратының шатырына жайылғаны анықталды. ТЖ орнында жеке құрамнан 48 адам және 8 бірлік техника жұмыс істеді. Келген құтқарушылар дереу өрт сөндіруге кірісті. Сағат 23:44-те жалынның беті қайтып, өрт сағат 00:17-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.