Үкімет • 03 Тамыз, 2021

Ashyq жобасы бизнеске карантин кезінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді - А.Мамин

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қаралды, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ashyq жобасы бизнеске карантин кезінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді - А.Мамин

Халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, өңірлердегі жағдай туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.

Үкімет басшысы шектеу шаралары мен кәсіпкерлік белсенділіктің өсуін сақтау арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажеттігін атап өтті.

«Бүгінде Ashyq жобасы бизнеске карантиндік шаралар жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік береді», деді Асқар Мамин.

Биылғы 27 шілдеден бастап 2 тамызға дейін Ashyq жобасына қатысушылар саны 3 есеге – 21 900-ден 67 782-ге дейін артты.