Аймақтар • 03 Тамыз, 2021

Атырауда вакцина салдырғандар ақшалай ұтысқа ие болды

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда әр он күн сайын вакцина алғандар арасында ақшалай ұтыс ойыны өтіп келеді. «Азаматтық Альянс» ЗТБ ұйымдастырған ақшалай ұтыс ойыны үшінші рет өтті. Оны тәуелсіз төрт бақылаушы қадағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда вакцина салдырғандар ақшалай ұтысқа ие болды

«Үшінші рет өткізілген ақшалай ұтыс ойынына вакцина алған 35 244 адам қатысты. Оның ішінде кездейсоқ сан арқылы таңдалған он адам 200 мың теңгенің ақшалай сертификатын ұтып алды. Бұл жолғы ұтыс ойынының бас жүлдесі – 3 млн теңгенің екі сертификаты. Оны шілде айында вакцина салдарғандың арасынан Құрманғазы ауданының екі тұрғыны иеленді», деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Тікелей эфирде 3 млн теңгені ұтып алғанның бірі – Нәсиполла Ғарифов. Оның отбасында 5 бала бар. Ал, екіншісі – жеке кәсіпкер Айман Жармұхамбетова.