Аймақтар • 03 Тамыз, 2021

Өзбекстан Президенті Түркістанға тарту ретінде үлкен мешіт салдыруда

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласына кіреберісте әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіт бой көтеріп жатыр. Жобаға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстан Президенті Түркістанға тарту ретінде үлкен мешіт салдыруда

Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан мешіттің құрылысын келер жылы аяқтау жоспарланған.

Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыс нақышында жүргізілуде. Жаңа жоба жан-жақты зерделеніп, әлем елдеріндегі озық тәжірибелер ескерілген. Мешіт іргесінің берік болуы үшін өзіндік технология әзірленген.

Ислам орталығының жалпы көлемі – 20 мың шаршы метр.

Айта кетейік, бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Қазіргі таңда облыс орталығының әкімшілік-іскерлік орталығында 5, 7, 9, 12 және 20 қабатты 60 тұрғын үй бой көтерді. Сондай-ақ әкімшілік ғимараты бар 20 қабатты тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр.