Елорда • 04 Тамыз, 2021

Түнде серуендеген балалардың ата-аналары жазаланды

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерлерде болуына жол бермеу мақсатында ювеналдық полиция қызметкерлері жергілікті-рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түнде серуендеген балалардың ата-аналары жазаланды

Тәртіп сақшылары заң бұзушылық әрекеттерін анықтау мақсатында аулаларды, саябақтарды, скверлерді және жастар мен кәмелетке толмағандар шоғырланатын басқа да орындарды тексерді.

Сағат 23.40-та Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданы ПБ ювеналды полиция қызметкерлері Қонаев көшесіндегі әкімшілік учаскені аралау кезінде сағат 23.00-ден кейін жүрген 17 жастағы жасөспірімді анықтады. Кәмелетке толмаған адамның заңды өкілінің қатысуымен ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

2 күн ішінде полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін 30-дан астам адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Рейд барысында әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларын түсіндіру бойынша профилактикалық әңгімелер жүргізе отырып, балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау объектілері тексерілді.

Ағымдағы жылдың басынан бастап тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болғаны – 2600-ге жуық, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болғаны - 89, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені - 53 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.