Аймақтар • 04 Тамыз, 2021

Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады

Бұл туралы брифингте Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев мәлім етті.

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,7%-дан 0,9%-ға дейін артты. Эпидемиологиялық матрицаның бағалауы бойынша Алакөл, Талғар, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Панфилов, Сарқан және Текелі, Талдықорған қалалары - «қызыл» аймақта, Іле, Қаратал, Жамбыл, Қарасай, Кербұлақ, Көксу, ұйғыр және Ақсу аудандары - «сары» аймақта, ал қалған қалалар мен аудандар «жасыл» аймақта орналасқан.

«Демалыс күндері локдаун жарияланады. Балалар мен ересектерге арналған білім орталықтарының, ашық және жабық базарлардың (азық-түлік және азық-түлік сатпайтын) қоғамдық тамақтану нысандарының, жазғы алаңдардың, сауда үйлері мен қоғамдық көліктің (елді мекендер ішінде) банктердің, ХҚО-лардың, «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің, діни нысандардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің, спорт кешендерінің, спорттық-сауықтыру орталықтарының, фитнес-орталықтардың, казинолардың, ойын-сауық, бұқаралық, отбасылық, естелік іс-шаралардың қызметіне тыйым салынады», деді Асхат Чарапиев.