Бүгіннен бастап мұнайлы шаһар тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көліктерге Ashyq қосымшасы арқылы отырады.
«Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін автобустарға «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдар кіргізілмейді. Бірақ, мобильді смартфоны жоқ, сондай-ақ аталған қосымша жүктелмеген жолаушылардың қоғамдық көлікке отыруына рұқсат беріледі. Ал, Ashyq жобасы тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының таралу тәуекелін анықтайтын қосымша шара ретінде енгізіліп отыр. Өйткені, қоғамдық көліктер – адамдардың көп шоғырланатын орынның бірі», деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.