Аймақтар • 05 Тамыз, 2021

Шымкентте «QAZ ЕТ» әлеуметтік дүкенінің тағы бір нүктесі ашылды

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Шымкент қаласында екі «Әлеуметтік дүкен» ашылып, қала тұрғындарына қызмет көрсетуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте «QAZ ЕТ» әлеуметтік дүкенінің тағы бір нүктесі ашылды

Мемлекет басшысының «Егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» атты пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтенов шаhарда әлеуметтік дүкендер санын көбейтуді тапсырған.

Осы мақсатта қалада азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары аясында «Әлеуметтік дүкендер» санын арттыру үшін ірі шаруашылықтың бірі - мал бордақылаумен айналысатын «Қасқасу-С» ШҚ-на айналымға 200 млн теңге қарыз қаражат беріліп, келісімшарт жасалған.

Бүгін аталған келісімшарт аясында Нұрсәт шағынауданы, Назарбеков көшесі 12/5 мекенжайында «QAZ ЕТ» әлеуметтік дүкенінің екінші нүктесі іске қосылды. Әлеуметтік дүкендегі ет өнімдері белгіленген баға бойынша сатылатын болады.

Алдағы уақытта шаруа қожалық халқы тығыз орналасқан аймақтарда жыл соңына дейін 2 әлеуметтік дүкен және 4 жылжымалы ет өнімдерін сататын сауда нүктелерін іске қосуды жоспарлап отыр.

Әлеуметтік дүкендер санын арттыру, бағаны тұрақтандыру шаралары қала әкімінің тікелей назарында.