Өзбекстанда президент сайлауы биыл 24 қазанда өтеді. Жергілікті заңдарға сәйкес, президент сайлауына түсетін кандидаттарды саяси партиялар ұсынуы керек.
Экология партиясы саяси ұйымдар арасында бірінші болып өз үміткерін ұсынды. Сайлауалды платформасының басты бағыттары ретінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет саясатын жүзеге асыру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, халыққа қолайлы жағдай жасау, климаттың өзгеруіне бейімделу, Арал теңізі апатының салдарын жұмсарту сынды мәселелер аталды.