TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021

Токио-2020: Мөлдір Жаңбырбай екінші кездесуінде жеңілді

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токио Олимпиадасында қазақстандық Мөлдір Жаңбырбай (55 келі) каратэ-додан екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Токио-2020: Мөлдір Жаңбырбай екінші кездесуінде жеңілді

Екінші кездесуінде Мөлдір аустриялық Беттина Планкпен кездесті.

Екеуі де жекпе-жекті белсенді бастады. Алғашқы ұпайды қазақстандық спортшы алды.

Қарсыласы таразы басын теңестіргенімен, Мөлдір қайтадан ұпай санымен алға шықты. Десе де соңғы сәтте аустриялық үш ұпай алып кетті.

Осылайша Мөлдір қарсыласына 3:4 есебімен есе жіберіп қойды.

Айта кетсек, Мөлдір Жаңбырбай В тобында сынға түседі. Қарсыластары - украиналық Анжелика Терлюга, жапониялық Михо Мияхара, аустриялық Беттина Планк және мысырлық Радван Сайед.

Мөлдір алғашқы жекпе-жегінде мысырлық Радван Сайедті жеңсе, Беттина Планк жапониялық Михо Мияхараға есе жіберді.