Қазақстан • 05 Тамыз, 2021

Қазақстанда жаңа көліктерді тіркеу уақытша тоқтатылды

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылғы 5 тамызда кеден ақпараттық жүйесінде туындаған ақауға байланысты ҚР мамандандырылған ХҚО-ларында жаңа автомобильдерді тіркеу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бсапасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда жаңа көліктерді тіркеу уақытша тоқтатылды

Есепке қою кезінде авто ХҚО операторлары жаңа көлік құралдарының тіркеуін жүргізе алмай отыр. Атап айтқанда, кеденнің деректер базасындағы ақау салдарынан мемлекеттік орган өтініштерді кері қайтарып жатыр.

«Ақауға байланысты жаңа көлік құралдарын есепке қою қызметі қолжетімсіз. Бұл азаматтардың тікелей автосалондардан сатып алатын жаңа көліктерге қатысты. Жауапты орган ақпараттық жүйені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін азаматтардан кешірім сұраймыз», деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының сервис жөніндегі басқарушы директоры Бақтияр Мұхаметқалиев.

Жүйенің қалпына келгені және жаңа автокөліктерді тіркеу қызметінің жандануы туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.