Әлем • 05 Тамыз, 2021

Францияда коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші компоненті салынбақ

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция президенті егде жастағы француздар мен денсаулығы нашар адамдарға коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасының салынуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон Instagram-да жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Францияда коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші компоненті салынбақ

«Қай тұстан қарасақ та, денсаулығы әлсіз және егде жастағы адамдарға вакцинаның үшінші дозасын салу қажет. Біз бұл іске дайындық үстіндеміз. Күздің басынан бастай аламыз», деді Макрон.

Француз президенті қазіргі уақытта Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан Брегансон фортындағы жазғы резиденциясында демалыста. Сол жерден аптаның басынан бері әлеуметтік желілерде француздармен елді коронавирустан қорғау және биліктің жаңа шаралары туралы белсенді түрде талқылау жүргізеді.

 

Соңғы жаңалықтар