Тәуелсіздік алған 30 жылда Қазақстанда 169 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салынды. Осының нәтижесінде 1,5 млн адам тұрғын үй жағдайын жақсартты. Бұл – елдегі құрылыс саласының ерекше қарқын алғанының айғағы.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 18 жылда бір тұрғынға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші 34 пайызға өсіп, 21,9 шаршы метрге жетті. «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру басталғалы бері, яғни 2017-2020 жылдары 52 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл дегеніміз – 470 мың тұрғын үй. Биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Яғни 163,1 мың тұрғын үй салынбақ.
Бүгінге дейін тұрғын үй құрылысына 3,6 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Оның 864 млрд теңгесі – мемлекеттік инвестиция. Мемлекеттің 1 теңгесіне жеке инвесторлардан 6 теңге тартылды.
Халықты жайлы өмірмен қамтамасыз ету мақсатында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторын және тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша 132,9 млрд теңгеге 572 жоба іске асырылды. Нәтижесінде, 8 мыңнан аса жұмыс орны құрылды. Үкіметтің мақсаты – 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жету және тұрғын үйді іске қосу көлемін төмендетпеу.
Жыл сайынғы өсу динамикасын 8-10 пайыз шегінде сақтау көзделіп отыр. Бұл үшін жаппай тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарды инженерлік коммуникациялармен қамту, сондай-ақ халыққа және құрылыс салушыларға жеңілдетілген несиелер беру жоспарланған. Мақсат – халық пен бизнесті тұрғын үй құрылысымен айналысуға ынталандыру. Бұл жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қолдаудың негізгі шаралары халықтың көп бөлігіне қолжетімді тұрғын үй салуға бағытталған. Негізінен тұрақты табысы жоқ халықтың әлеуметтік осал санаттарын сатып алу құқығынсыз коммуналдық жалға берілетін тұрғын үймен қамту көзделген. Бұл санатқа мүгедектер, жетім балалар, көпбалалы отбасылар, сондай-ақ ірі мегаполистерде жұмыс істейтін жастар жатады. Халықтың өзге топтары үшін ипотекалық өнімдер, тұрғын үй құрылыс жинақтары және үлестік құрылыс тетіктері қарастырылған.
2018 жылы республикада көпшілікке қолжетімді «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама ипотекалық несиелеуді дамытудың катализаторына айналды.
Сапалы коммуналдық қызметтерді, тиімді басқару жүйесін ұсыну, азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту, энергия тұрғысынан тиімді және ресурс үнемдейтін технологияларды қолдану маңызды болып қала бермек. Заманауи технологиялардың көмегімен салынып жатқан тұрғын үйдің сапасына қойылатын талаптар және оларды зияткерлік басқару жүйелерімен жарақтандыруға айрықша мән берілуде.
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Бүгін, 21:48
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Бүгін, 21:30
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Бүгін, 21:24
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Бүгін, 21:03
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Бүгін, 20:45
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 20:23
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Бүгін, 20:00
Жайна Шекербекова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Бокс • Бүгін, 19:47
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Бүгін, 19:30
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Бүгін, 19:12
Елордада іскер әйелдер қауымдастығы дөңгелек үстел өткізді
Елорда • Бүгін, 18:58
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына өтті
Бокс • Бүгін, 18:43
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Бүгін, 18:25
Шетелдік мультфильмдерді қазақ тіліне аударуға қанша қаржы бөлінді
Қоғам • Бүгін, 18:16
Тыйым салынған діни кітаптарды таратқан әйел жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 18:00
БҰҰ Қазақстанның экология саласындағы бастамаларына қолдау жасайды
Экология • Бүгін, 17:52
Алматыда «Атакент» маңында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 17:45
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 17:38
Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысты қосымша тапсырма берді
Қоғам • Бүгін, 17:33
Аймақтар • Бүгін, 17:27
«Bala Qorgau» интернет-ресурсы іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 17:17
Мемлекет басшысы Садыр Жапаровпен сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:06
Президент Алматы қаласының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:00
Қаржы • Бүгін, 16:56
Президент туған күніне байланысты құттықтаулар әлі де келіп жатыр
Президент • Бүгін, 16:52
Мәжіліс депутаттары халықты референдумға қатысуға шақырды
Парламент • Бүгін, 16:45
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы өзгерді
Қазақстан • Бүгін, 16:30
Қазақстан-Чехия бағытында әуе рейсі ашылады
Қазақстан • Бүгін, 16:27
Павлодар жағалауында қамыс өртенді
Оқиға • Бүгін, 16:17
Ұлттық банк теңгенің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 16:10
35 мыңға жуық ресейлік азамат Қазақстаннан ЖСН алған
Қоғам • Бүгін, 15:57
Еліміздегі Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі маусымда аяқталады
Коронавирус • Бүгін, 15:51
Енді қаржы пирамидалары жайлы SMS арқылы ескертіледі
Қоғам • Бүгін, 15:44
Көкшетауда есірткі тасымалдаған жас жігіт ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Пандемиямен күреске қанша қаржы жұмсалғаны айтылды
Коронавирус • Бүгін, 15:28
Жамбылда жалған неке куәлігін жасатқан әйел ұсталды
Оқиға • Бүгін, 15:22
«Бәйтерек» холдингінің басқарушы директорлары қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 15:18
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды
Президент • Бүгін, 15:11
Қоғам • Бүгін, 15:10
Ұқсас жаңалықтар