Ауа райы • 06 Тамыз, 2021

Бүгін елімізде күн райы қалай болады?

149 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 6-сы күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін елімізде күн райы қалай болады?

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 6 тамыз күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен, ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Еліміздің тек оңтүстігінде және орталығында ғана күн жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша кей жерлерде желдің күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнып, түнде және таңертең тұман түседі, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, шаңды дауыл тұрады, күндіз таулы аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Шығыс Қазақстан, түнде Атырау, күндіз Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзаағай ойнап, жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Күндіз Жамбыл, Кызылорда, Түркістан, Атырау, Батыс-Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Ақтобе, Костанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Күндіз Ақмола облысында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.