Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, соңғы бірнеше тәулікте Жылыой ауданы мен Теңіз кенішінде байқалып отыр.
«Атырау облысында өткен тәулік – 5 тамызда коронавирус инфекциясын жұқтырған 340 науқас анықталды. Оның ішінде Атырау қаласында 230 адамның қауіпті вирусқа шалдыққаны расталды. Ал, Теңіз кен орнында 28 жұмысшыдан індет белгісі анықталды.
Сондай-ақ Жылыой ауданында – 26, Қызылқоғада – 12, Индерде – 11, Исатайда – 11, Құрманғазыда – 11, Махамбетте – 6, Мақат ауданында 5 адамнан коронавирус жұқтырды» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Қазір 5 333 адам өз үйінде ем қабылдау үшін оқшауланған. Теңіз кен орнындағы стационарда – 440, аудандардағы стационарларда – 410, №2 облыстық ауруханада – 200, модульдік ауруханада – 195, теміржол ауруханасында – 108, кардиологиялық орталықта – 105, облыстық ауруханада – 94, фтизиопульманология орталығында 76 пациент ем қабылдауда. Сондай-ақ инфекциялық стационарға айналған жатақханада 108 науқас жатыр.