Оқиға • 06 Тамыз, 2021

БҚО-да жол апатынан әкімдік қызметкері қаза тапты

755 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол апатында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 35 жастағы қызметкері қаза болды. Қызметтік көлік жолда аударылып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да жол апатынан әкімдік қызметкері қаза тапты

Полиция департаменті Орал-Шыңғырлау тас жолындағы апат 4 тамызда болғанын хабарлады.

«Апат салдарынан «Нива» автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші жарақат алды. Қазіргі уақытта факт бойынша ҚР ҚК-ның 345-бабы (Жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарын басқаратын адамдардың көлік құралдарын пайдалану) бойынша соталды тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», деді БҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Тимур Майранов.