Аймақтар • 06 Тамыз, 2021

Павлодар облысы сәулет басқармасының бұрынғы басшысы сотталды

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы сәулет басқармасының бұрынғы басшысы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысы сәулет басқармасының бұрынғы басшысы сотталды

«28 шілдеде Павлодар қаласының № 2 сотының үкімімен Павлодар облысы сәулет басқармасының бұрынғы басшысы Кәкамбетов мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Басқарма басшысының міндетін атқарушы Шабанов мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ басқарманың әкімшілік бөлімінің басшысы Балтабаева мен әкімшілік бөлімінің бас маманы-бас бухгалтері Машрапова 2 жыл 6 ай мерзімге сотталып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды», деді Биғайдаров брифингте.

Кәкәмбетов, Шабанов, Балтабаева және Машрапова жалған іссапар шығыстары мен мемлекеттік сатып алу бойынша тауарларды қабылдау актілерін ресімдеу арқылы жалпы сомасы 11,1 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген болатын.

Соңғы жаңалықтар