Аймақтар • 06 Тамыз, 2021

Теңіз кенішінде вахталық ауысым уақытша тоқтатылады

567 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында орналасқан Теңіз кенішінде 9 маусымнан бастап  вахталық ауысым уақытша тоқтатылады, деп жазады Egemen.kz.

Теңіз кенішінде вахталық ауысым уақытша тоқтатылады

«Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін осындай шешім қабылданған.

«Осыған байланысты «Теңізшевройл» қызметкерлер арасында COVID-19 ауруының таралуын азайту үшін 2021 жылдың 9  тамызынан бастап «Теңіз» кенішіндегі жедел емес қызметкерлердің вахталық ауысымын және қайта мобилизациясын уақытша тоқтатады. Аталған уақытша шараның «Теңіз» кенішінде жүргізіліп жатқан жоспарлы жөндеу жұмыстарына қатысатын қызметкерлерге қатысы жоқ» деп мәлім етті кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

«Теңіз» кенішінде вирустың таралуын болдырмау үшін қауіпсіздік шаралары, оның ішінде қызметкерлерді «бөлек жайғастыру» (тұрғын үйлерде, көлікте және жұмыс орындарында), ПТР-сынамасы мен оқшаулау шаралары бұрынғыша сақталады.

«Кен орнына жұмысқа тартылған жұмысшылар арасында вакциналау бағдарламасы жалғасып жатыр. Қазір коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның алғашқы  компонентін салдырған қызметкерлер саны 45 000-нан асты. «Теңізшевройлдың»  өндірістік қызметі үздіксіз  жалғасуда. Компания Келешек кеңею-Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасына байланысты жұмыстарды қауіпсіз орындауға ерекше  мән беріп отыр» деп хабарлады баспасөз қызметі.