Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 7 тамыздағы мәлімет бойынша, 109 163 адам коронавирус инфекциясынан (–105 454 + және 3 709 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың ішінде 29 961 пациент стационарда жатыр, 79 202 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 871 адамның жағдайы ауыр, 416 пациенттің жағдайы өте ауыр, 191 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.