TOKYO2020 • 07 Тамыз, 2021

Токио-2020: Софья Берульцева екінші кездесуін жеңіспен аяқтады

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токио Олимпиадасында қазақстандық Софья Берульцева (61 келі) карате-додан алғашқы екі жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Токио-2020: Софья Берульцева екінші кездесуін жеңіспен аяқтады

Екінші кездесуінде ол Италия спортшысы Сильвия Семераромен шеберлік байқасты. Қарсыласы - Еуропа ойындарының жеңімпазы болған тәжірибелі спортшы. Десе де қазақстандық спортшы қарсыласын 5:1 есебімен қапы қалдырып кетті. Енді ол әзербайжандық Ирина Зарецкаямен кездеседі.

Қазақстандық спортшы бұдан бұрын түркиялық Мелтем Ходжаоғлымен шеберлік байқасты. Түркиялық спортшы Еуропа чемпионы, әлем чемионатының екі дүркін жүлдегері болған. Тәжірибелі қарсыласымен Софья 5:5 есебімен тең түсті.