Спорт • 08 Тамыз, 2021

Қазақстандық спортшы UFC-де төртінші рет жеңіске жетті

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның 28 жастағы тумасы Рафаэль «Атаман» Физиев (10-1) UFC-де бесінші жекпе-жегін өткізді. Ол Хьюстонда (Техас, АҚШ) UFC 265 турнирі аясында өтті, деп хабарлайды

Қазақстандық спортшы UFC-де төртінші рет жеңіске жетті

Америкалық Бобби Гринмен (27-12-1) кездескен іс-шараның алдын ала бөлімі Физиевтің жеңісімен аяқталды - 30-27, 29-28, 29-28.

Физиев үшін бұл жеңіс мансабындағы оныншы және қатарынан төртінші болды. Рафаэль UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде 2019 жылдың сәуірінде ресейлік Магомед Мұстафаевтан (14-3) жеңілген болатын. Бұл оның жалғыз жеңілісі. Гринге келетін болсақ, бұл оның қатарынан екінші жеңілісі. 

Айта кетейік, Жамбыл облысы Қордай ауылында дүниеге келген Физиевтің бұрышында оның менеджері - қазақстандық Саят Әбдірахманов болған