Аймақтар • 09 Тамыз, 2021

Карантинде той жасаған шенеунік қызметінен айырылды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында карантин кезінде мейрамханада той ұйымдастырған шенеунік жұмыстан босатылды. Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Карантинде той жасаған шенеунік қызметінен айырылды

«Бүгінгі күннен бастап жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мұқатайұлы Мақсұтов карантинді өрескел бұзу, яғни пандемия кезінде той ұйымдастыруына байланысты қызметінен босатылды. Тағы да ескертемін, мұндай заңсыздықтар үшін жаза өте қатал болады. Мұнда мемлекеттік қызметшінің қызметтік этикасының барлық нормалары бұзылған», деді облыс әкімі.

Жеңіс Қасымбек сондай-ақ мониторингтік топ мүшелерін принциптілікке шақырды.

«Сіздер біреудің мүддесіне жұмыс істеу үшін емес, азаматтардың денсаулығын қорғау үшін құрылған топсыздар! Осындай іс-шараларды тоқтатып, жария етіңіздер. Сіздер өздеріңіз бақылау камераларына қарай отырып жұмыс істейтіндеріңізді айтқан болатынсыздар. Сондықтан мұқият қараңыздар. Салынған тыйым барлығына бірдей», деп атап өтті облыс әкімі.

Аталған оқиға 7 тамызда орын алған. Той болып жатқан мейрамханаға Қарағанды қаласының полиция, санэпидбақылау және әкімдік қызметкерлерінен тұратын мобильді топ шықты. Мейрамхананың өзінде 500-ге жуық адам болғандықтан, аумақты қоршау үшін полицияның қосымша наряды шақырылды.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025