Спорт • 09 Тамыз, 2021

Қазақстан спортшылары Қазанда бақ сынайды

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4-11 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында бірінші ТМД елдерінің ойындары өтеді. Бұл туралы  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан спортшылары Қазанда бақ сынайды

Бәсекеге 10 мемлекеттен 2 мыңнан астам делегат келеді. Қатысатын мемлекеттер: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Ресей Федерациясы. Сонымен қатар 1 200 волонтер мен 460 төреші қатысады. 16 спорт түрінен 184 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

Спортшылар бадминтон, 3х3 баскетбол, бокс, үстел теннисі, белбеу күресі, дзюдо, кураш, самбо, еркін және грек-рим күресі, каратэ, тай боксы, нысана көздеу, стенд ату, би спорты, футзал, көркем гимнастика секілді спорт түрлерінен бақ сынайды.

ТМД елдерінің сайысын боксшылар 2 қыркүйекте бастайды. 10 елдің 159 былғары қолғап шебері 26 жүлдені өзара бөліседі.

Сонымен қоса каратэ, самбо мен нысана көздеуден 10 мемлекеттің атлеті жарыс жолына шығады.

Айта кетейік, бұл дода былтыр тамызда өтуге тиіс болған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға кейінге шегерілді.

Соңғы жаңалықтар

Тыл ардагеріне құрмет көрсетті

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:30

Шымкентте сакура гүлдеді

Шымкент • Бүгін, 08:25

Ертіске кеме түседі

Аймақтар • Бүгін, 08:20

ChatGPT шығынға батырады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Вокзалды жаңарту басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:12

Толстойдың хаты

Мың бір мысал • Бүгін, 08:10