Елорданың «Барыс» хоккей клубы «Мичурин» базасындағы бірінші оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Қыркүйекте басталатын Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы алдында астаналық команда дәстүрлі «Президент кубогы» жарысында бақ сынайды.

Бірінші оқу-жаттығу жиынының соңғы күнінде Юрий Михайлис шәкірттері екіжақты ойын өткізді. Әдеттегідей «ақ» және «көк» жейдеге бөлініп ойнаған бұл матчта «көктер» жағы басым түсті. Қорытынды есеп – 2:0. Осыдан бір апта бұрын өткен кездесуде «ақтар» командасы мықтылық танытқан еді.
Жеңімпаз команданың сапынан жаңа ойыншылар – Кристиан Томас пен Коди Куник мергендігімен көзге түсті. Тағы бір айта кетерлігі, «көктер» құрамында қақпаны «Барыстың» негізгі қақпашысы Йони Ортио мен Латвия астанасы – Ригада өткен шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы болған, жуырда ғана «Барыстың» қатарына қосылған Никита Бояркин күзетті.
«Көктер» құрамында Йони Ортио, Никита Бояркин, Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Мәди Диханбек, Даррен Диц, Артём Королев, Валерий Орехов, Станислав Александров, Олег Бойко, Дмитрий Гурков, Алексей Зубов, Әли Қасенов, Коди Куник, Кристиан Томас және Роман Старченко ойнады.
Ал «ақтар» сапында Андрей Шутов (қақпашы), Олле Альсинг, Илайджа Вилио, Эрик Мартинссон, Максим Минеев, Роман Савченко, Егор Шалапов, Әлихан Әсетов, Кертис Волк, Дінмұхамед Қайыржан, Никита Михайлис, Алдияр Нұрлан, Егор Петухов, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков пен Аңсар Шайхмедденов өнер көрсетті.
ҚХЛ-дың былтырғы маусымында «Барыстың» үздік сұрмергенінің бірі болған швециялық шабуылшы Якоб Лилья матчқа қатысқан жоқ. Клуб баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ол жаттығулардың бірінде аздап жарақат алып қалған. Дегенмен Лилья қазір жеке бағдарлама бойынша жаттығып жатыр екен.
Осы ойынмен «Барыс» «Мичурин» базасындағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Енді команда «Президент кубогы» жарысының алдында қорытынды дайындығын «Барыс-Аренада» өткізеді. Айта кетейік, 11-16 тамыз аралығында өтетін «Президент кубогына» «Барыстан» бөлек, «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің) және «Динамо» (Рига) командалары қатысады.
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар