Аймақтар • 10 Тамыз, 2021

Қазгидромет солтүстік-шығыс өңірлердегі түтін иісінің себебін түсіндірді

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Сібірдің үстіндегі биік циклон Якутиядағы орман өртінің түтінін Батыс Сібірдің оңтүстігіне, Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірлеріне тасымалдауға ықпал етті, деп жазады Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазгидромет солтүстік-шығыс өңірлердегі түтін иісінің себебін түсіндірді

Көрнекі сурет

«Шығыс Қазақстан облысындағы жергілікті дала өрттері  атмосфералық ауа сапасының нашарлауына қосымша ықпал етіп отыр», деп жазылған хабарламада.

2021 жылдың 9-10 тамызында Шығыс Қазақстан облысының аумағында атмосфералық ауадағы зиянды заттар рұқсат етілген нормадан асып кеткен. Атап айтқанда Өскемен қаласында азот диоксиді бойынша 2,1 ШРК-ға дейін; Семей қаласында 1,4 ШРК-ға дейін; Өскемен қаласында күкірт диоксиді бойынша 9 ШРК-ға дейін,  күкірт сутегі бойынша 5,0 ШРК-ға дейін артқан.

Болжам бойынша алдағы күндері тұрақсыз ауа-райы күтіледі.

12-13 тамызда кей аудандарда қатты жаңбыр жауады, найзағай мен екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы түнде 10-18 градусқа дейін және күндіз 15-23 градусқа дейін біртіндеп төмендейді.

Метеорологиялық жағдайлар аймақ ауасына ластаушы заттардың шашырауына ықпал етеді.

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аумағында және шектес елдердегі өрт қаупіне тәулік бойы мониторинг жүргізеді.