Аймақтар • 10 Тамыз, 2021

Алматыда техникалық жөндеу орталығы өртенді

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы техникалық жөндеу орталығының бірінде алапат өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда техникалық жөндеу орталығы өртенді

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 10 тамызда сағат 12:42-де Төтенше жағдайлар министрлігі күштері Медеу ауданы, Бигелдинов көшесі, 131 мекенжайына аттанған.

«Сағат 12:49-да келген кезде техникалық жөндеу орталығы өртеніп кетті, барлау кезінде өрттің таралу қаупі жоқ екені анықталды», деп хабарлады ТЖД.

Оқиға орнында 16 техника мен 62 қызметкер жұмыс істеді.

Өрттің аумағы нақтыланып жатыр.